Егіздер жұлдызнама белгісінің сипаттамасы

егіздер жұлдызнама жұлдыз жорамал белгі туралыЕгіздер – 21 мамыр мен 21 маусым арасында туылған адамдар.

Өмірлік ұстанымы- мен ойлаймын! Ең епті жəне көпшіл адамдар – Егіздер. Ол мінез тұрақтылығына ие емес. Кейде екі түрлі адаммен сөйлескендей əсерде болуыңыз мүмкін. Үнемі қолдары бос емес, бірдеңе ойластырып, жасап жүреді. Егіздер – сөзуар. Ешқашан сөзіңізді мұқият тыңдамайды. Егіздер бар жер күлкі мен қуанышқа толы, достары көп.

Егіздер кертартпа адамдармен араласа алмайды. Біреуді ұнатпаса, өткір əзілмен сынаудан да бастартпайды. Өткір ақылға ие, кез келген тығырықтан шығудың жолын біледі. Адамдарды өздерінің ақылымен, ой ұшқырлығымен тамсандырып отырғанды ұнатады. Тоқты мен Торпақтармен салыстырғанда, бір идеяға байланып қалмайды. Бірнəрсе шықпаса, əрі қарай жылжиды. Көп ойланғанды, зерттегенді, шешім шығарғанды дұрыс көреді. Тұрпайылықтан да кем емес.

Егіздер. Мансап

Жаңа заттарға əуестік мамандық таңдауда да көзге түседі. Күн сайын бір істі жүз қайталайтын жұмыстарда Егіздерді таппайсыз. Көпшілдігі, сөзуарлығы бұл адамдарды керемет коммерциялық, мүліктік жарнамалаушы етеді. Ал қызығушылығы, өткір ойы, шығармашылық бейімділігі тілшілік, радио қызмет немесе ғылымнан орын тауып береді. Егіздер – əдебиетші, əдемі сөйлеп, қиялдан сарай тұрғызатындардың белгісі. Араласуға деген құштарлық түрлі тілдерді үйренуге тиістейді, соның арқасында жақсы полиглот болып шығады. Адамдарды көндіре алуы, өзінің ең ойға қонымсыз ойларына қалғандарын сендіре білуі Егіздердің нағыз кәсіпкер екендіктерін дəлелдейді, олар кез келген істен материалдық табыс көре алады.

Егіздер. Денсаулық

Егіздерге табиғат мықты денсаулық берген. Алайда, олардың шамадан тыс еңбекқорлығы мен белсенді істері денсаулықтарына үлкен зардап тигізуі мүмкін. Əдетте бұл ұйқының бұзылуынан білінеді. Егіздерді бас ауруы жиі мазалайды. Жұмысқа берілгендігінің салдарынан спортпен айналыспай, артынан артрит, буын ауруларымен ауырады. Өкпелері əлсіз, темекі тартуға болмайды. Табиғатқа шығып, тынығып тұрулары керек. Спортпен, əсіресе жүзумен айналысуының арқасында сырқаттың алдын алады.

Егіздер. Қатынас. Əйелдер және еркектер, басқа зодиак белгілерімен үйлесімділігі

Егіздер жұлдызнамасы астында туылған еркектер махаббатта тұрақсыз. Үнемі адамдардың көңіліне мұқтаж; шешуші қадамды ұзақ қабылдай алмайды. Оның сөздеріне, əсіресе танысудың басында, уəделеріне сенудің қажеті жоқ.

Егіз еркек. Егіздер өзінің адалдығы мен шынайылығына күмəндандырып қояды. Бұл еркектердің құбылмалылығы соншалық, нанға жіберген жеріңізден есіне маңызды шаруалары түсіп күні бойына жоғалып кетуі мүмкін. Егізді қарату үшін оның əңгімесін қолдай алатындай біліміңіз бен құбылмалдылығына қарсы шыдамдылығыңыз болуы керек.

Егіз әйел. Егіздер жұлдызнама белгісінің астында туылған əйелдер тек орта жаста махаббат қарым-қатынастарына жауакершілікпен қарайды. Бұл əйелдер үнемі жаңа идеяларды іздейді. Оның өмірі бітпейтін марафон жарыстарын елестетеді. Өзін аяй алатын, бітпейтін жарысын тоқтатып, тынығуға көмектесетін еркекке зəру. Бұндай азаматқа Егіздер белгісіндегі əйелдер өмір бойы адал болып, кез келген тілегін орындайтын керемет жар болады.

Егіздер өмірлік жары ретінде Арыстан, Таразы, Суқұйғыш жəне Егіздермен жақсы үйлеседі. Ал Балық, Бикеш жəне Мергендермен құрған шаңырағы бақытсыз болуы мүмкін.

Егіздер – Ауа белгісі. Тілеген адамдарын өмір бойы іздеулері мүмкін. Дамып өздерін шындандыруға, тануға, білуге ұмтылады.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық

2
Пікірді қалдырыңыз

2 Comment threads
0 Thread replies
0 Followers
 
Most reacted comment
Hottest comment thread
2 Comment authors
гульзира

шынымен дәл келеди

Улжан

Егиздер мен шаян шанырак котерсе кандай карым катынас болат