Мерген жұлдызнама белгісінің сипаттамасы

мерген жұлдызнама жұлдызжорамал мінезМерген – 23 қараша – 21 желтоқсан аралығында туылған адамдар

Мерген жұлдызнама белгісінің ұстанымы – мен көремін! Айналасындағының бəрін байқау жəне турашылдық – Мергеннің оң жəне теріс қасиеттерінің екеуіне де бірдей жатады. Əдепсіздігі адамдарды өзіне қарсы қояды.

Мергендердің сүйікті сөзі : «Ешкімді ренжіткім келмеген». Олар адамдардың не үшін ренжитінін түсінбейді. Дәл осы ретте, Мергендер терең ақыл мен жауапты сəтте дұрыс шешім қабылдаумен қатар жүретін жоғарғы моралды қасиеттерді бағалайтынын айтып кету қажет. Мақсаттылығы Мергенді қолайлы уақытта керек жерге əкеледі. Олар үнемі шынайы жəне ашық. Егер, өтірікті байқап қалса, бірден алшақтайды.

Мергендер қозғалғыш, экстремалды ойын түрлерін қызығушылығы ретінде таңдайды. Жануарлар мен балаларды жақсы көреді. Олар үнемі қауіпті заттарға құмар. Ол мінезінің бірбеткейлігінде білінеді. Отты белгілердің бəріне тəн көп сөйлеу мен оғаштықтан да кенде емес. Мергендердің мейірімділігі мен қонақжайлылығын қолдануға болмайды, біліп қойса, қабағын қар басады. Шынайы зодиак белгісі болғандықтан, өтірікті көтере алмайды.

Мерген. Мансап

Мергендер өз күшін асыра бағалайды. Олар бəрін бірден жасағылары келеді. Бұл адамдардың қалыпты жұмыстармен айналысуға болмайды. Ойластыру, жасап шығару, ерекше дүние туғызу сияқты жұмыстармен айналысулары қажет. Сондықтан, дизайнер, ғылыми жұмыскер, жарнама жұмыстарында Мергендерді көптеп кездестіруге болады. Ауыр жұмысқа аралспауға жəне шаршамауға тырысады.

Қызметкерлердің талпынысын бағалап, сөзіне құлақ салатын нағыз бастықтар Мергендерден шығады. Кез келген жұмыста қажет болуға тырысады. Жалғыздықтан гөрі ұжымда жұмыс істегенді ұнатады. Өз бастығына дөрекілік танытпайды. Жаттыққан денесінің арқасында спорттық жүлделерге əбден қол жеткізуіне болады, бұл адамдар спортшы, əртіс, бишілердің арасында көптеп кезігеді. Қулық-сұмдыққа бейім, ары мазаламайды. Азартты ойындарда үлкен тігісті жиі қоймаса да, сондай орындарда жақсы мансаптық жолды құруларына болады.

Мерген. Денсаулық

Табиғаттан берілген мықты денлерін барынша қолданады. Алайда, экстремалды қызығушылықтарының нәтижесінде жиі жараланады, əсіресе, қол-аяқтары. Өкпелері мен бүйректеріне де абай болғандарды шарт. Сондықтан, темекі тартуларына тиым салынған. Ауырса, тез, əрі оңай сауығып кетеді.

Мергендердің берік мінезі аурудың бетін кері қаратады. Дәрігерлердің кеңестеріне құлақ асады. Сабырлылығы жүйке жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мергендер тамақ пісіргенді және дәмді астанғанды ұнатады. Араларында астың сапасы мен дайындалу жолына көп көңіл бөлетін гурмандар да жиі кездесіп жатады. Сапар барысында əр елдің дәстүрлі тағамымен танысады. Күнделікті тамағына сүйегін қатайтатын құрамында кальций бар өнімдерді қолдануға кеңес беріледі. Бауырлары қорыта алмайтын тым майлы тамақтан бастартқандары жөн. Шөп шайларын мен қайнатпаларды ішіп, ағзасын тазартқан пайдалы.

Мерген. Қатынас. Əйелдер және еркектер, басқа зодиак белгілерімен үйлесімділігі

Мерген Еркек. Мерген жұлдызнама белгісінде туылған еркектер көбісіне біртүрлі болып көрінуі мүмкін. Бірақ, оларды үнемі адамдар қоршайды. Сондықтан, оның көңілін аударымын десеңіз, сол топты бұзып өтуге тура келеді. Мерген үшін оны құрықтап, қолында ұстайтын əйел керек. Дөрекілікке дайын болыңыз, ренжіп қалмаңыз. Өзін кінәлі сезінген Мерген тұйықтала бастайды. Кешірім сұрай алмайды. Өзі таңдаған əйелге қаншама жыл өтсе де ғашық, сезімі суымайды . Сізге ешқашан опасыздық жасамайды.

Мерген Əйел. Мерген Əйелдер – турашыл, ашық адамдар. Сізді тығырыққа тірейтін заттар жасап, түрлі ашық сұрақтар қояды. Қарым- қатынаста мерген-əйел өте адал жəне құлай ғашық болатын. Өте сирек қызғанады, сіздің бұрынғы қыздарыңызға кішіпейілдікпен қарайды. Бұл белгідегі əйелмен берік байланыс орнату үшін оны қорғау керек, біраз ешқашан оған ештеңе бүйырушы болмаңыз.

Мергенге үйлесетін белгілер : Балық, Егіздер, Бикеш, Суқұйғыш жəне Арыстан. Ал Тоқты жəне Шаянмен бас қоса алмайды. Мерген біреуге қысым жасағанды ұнатпайды. Сондықтан, өзі тұратын үйде де, жан-жүрегінде де бос жер өте көп.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық

4
Пікірді қалдырыңыз

4 Comment threads
0 Thread replies
0 Followers
 
Most reacted comment
Hottest comment thread
4 Comment authors
Айгерім

Тура келді!!!

Жанар

Шариғатта жұлдыз жормал дұрыспа

Талгат

Коп нарсе тура мен

Аийда

Оте орынды айтылган