Тауешкі жұлдызнама белгісінің сипаттамасы

Тауешкі жұлдызнама жұлдыз жорамал мінезТауешкі – 22 желтоқсан мен 20 қаңтар аралығында туылған адамдар

Тауешкі жұлдызнама белгісі – қара мысық пен сұр тышқанның симбиозы. Бұл белгіде туылған адамдар сақтығымен ерекшеленіп, бəрін жүйелендіріп жүреді. Тауешкіге Юпитер, Марс және Күн ықпал етеді. Осы себепті өте күшті, құштар, бірақ тым іш пыстырарлық тұлғалар қалыптсады. Уайымдау – олар үшін қалыпты жағдай. Тауешкі Жер белгісіне жатады.

Реалист тауешкілер бүгінгі күніне жиі қанағаттанбайды. Үнемі жарқын болашақты күтумен жүреді. Тауешкі. Мінез ерекшеліктері Тауешкінің өмірлік ұстанымы- мен қабілеттімін! Өзін-өзі іштей сақтауға талпынатын белгі. Тауешкі ұстамдылықты қолдайды жəне фаталист болып табылады. Олар əсемдікке өте сирек көңіл бөледі. Тауешкілер сүйкімді емес жəне əдемі тауешкілер сирек. Қылымсышулық беделдерінен төмен деген сенімде. Өзінің сырын сізге жайып салмайды. Сыршылдықты жəне құпияны бағалайды.

Нумеролог қазақша

Тауешкілерге сыршыл ахуал ұнайды: қараңғы бөлме, майшам және хош иісті майлар. Рухани баюға өмір бойы ұмтылады. Салқын қандылық – адамдар Тауешкілерде бағалайтын басты қасиет. Бұл адамдар өзінің əлсіздігін, көз жасын сізге ешқашан көрсетпейді. Сəнқойлық Тауешкілердің киімінде де байқалмайды. Олар қарапайым, ыңғайлы киім үлгісіне басымдылық береді, əсіресе, спорттық киімдерге. Киімді барынша үнемшілдікпен таңдайды, киіміндегі тартымдылықты тіпті əйел Тауешкілер де ұната бермейді. Образдары біртүрлі жəне ұстамды. Киіміне емес, ақылы мен қызықтылығына қарап танысын дейді. Дегенмен, салақтық Тауешкілерге тəн емес.

Тауешкі. Мансап

Тауешкілер балалықпен қиын қоштасады. Бұл болашақта айналысқысы келетін іске қатысты қиындықтар туғызады. 30-40 жасына дейін қаржылық тұрғыда ата-аналарына тəуелді болады. Ешқандай, тіпті ең ауыр жұмыстан қашпайды. Өте еңбексүйгіш, керек болса, артығымен жұмыс жасайды. Ұжымға ұзақ үйренеді, сондықтан өзін бірден нағыз маман ретінде көрсете алмайды. Жұмысқа берілгендері соншалық, тамақ, су, бəрін ұмытып, шаршамай еңбек етеді.

Тауешкілер жалғыздықта жұмыс істегенді ұнатады. Олардың арманы – үлкен кеңседе өздерінің кабинеті болу. Ашық аспан астында жиі жұмыс істейді – көгалда, құрылыс алаңында. Бастық лауазымын иемденсе, өз қызметкерлерімен тек іскерлік қарым-қатынас ұстанып, алшақ жүреді. Бір жұмыста Тауешкі ұзақ жұмыс жасайды, сондықтан мансаптық жолмен сенімді көтеріледі. Тауешкі.

Денсаулық Тауешкілердің жаратылысынан мықты денсаулығы жоқ. Жасы ұлғайған сайын, Тауешкі де науқасқа қарсы күресуді үйренеді. Төзімділігінің арқасында иммундық жүйесін жақсартады. Дегенмен, Тауешкілер- ауруханалардың жиі қонағы. Қатерлі мүшелері- ас қорыту мүшелері, терісі жəне аяқ-қолдары. Үнемі уайым үстінде жүруі бас ауруларын, күйзелісті және психикалық ауруларды тудыруы мүмкін. Психологтарға жиі қаралады.

Өз уаймына қадалып қалмауға, таза ауада қыдырып , көңіл көтеруге кеңес беріледі. Тамағына да ақша үнемдейді. Ең қарапайым тамақпен астанады – ботқа, тез дайындалған ет, тəттілер бұл тізімге кірмейді. Ағзасына дəрумендер жетіспейді, себебі қыста жеміс – жидектер қымбат тұрады. Тауешкілерге құнды тамақ қажет. Ал оған көп ақша жарату керек. Біздің берер кеңесіміз – ас мəзіріңізге көмірсуларды қосыңыз .

Тауешкі. Қатынас. Əйел жəне еркекпен, басқа да зодиак белгілерімен үйлесімділігі

Тауешкі Еркек. Тауешкі белгісінде туылған еркектер қоршаған өмірден жабылған. Бірақ, бұл – тек бастапқы алдамшы пікір. Олар əйелдердің ықыласына бөленгісі келеді. Бірақ, мінезінің кейбір тұстары оған мүмкіндік бермейді. Сіздің ұнап қалғаныңызды көрсетпесе де, ішінде шынайы сезім жарылыстары жүріп жатады . Романтик болғысы келсе де, қолынан келмейді. Тәртіп оның сезімтал тұстарын бақылауда ұстайды. Тауешкімен болғыңыз келсе, оны іш пыстырарлық екенін байқатпауыңыз керек, тіпті солай болса да. Сонымен қоса, оның отбасы мүшелерін жақсы көруіңіз керек, себебі Тауешкі отбасымен тығыз байланыста.

Тауешкі Əйел. Тауешкі белгісінде туылған əйелдер- өте нәзік, үнемі қорғағың келетін жандар. Суық бетперденің артында жиі жасырынады. Бұл əйелдерді су перісімен салыстыруға болады, баяу бірақ тура жолмен ол құрған ауға байқамай түсесіз де қаласыз. Тауешкі белгісінде туылған əйелдер үшін еркектің қоғамдағы рөлі маңызды. Мақтана алатын еркекті қалайды. Оны қарату үшін, əйел құрған мінбенің шынында отыру керек.

Тауешкілер Бикеш, Торпақ, Сарышаян жəне Балықпен тығыз қатынасқа түседі де, Суқұйғыш жəне Арыстанмен араларында ештеңе шықпайды.

Тауешкі – жер белгісі. Реалист адамдар. Олармен бақытты болу үшін қиялда құрған армандарыңыздан бастартып, шынайы жетістіктерге жетуге дайын болыңыз.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық

Нумеролог қазақша

6
Пікірді қалдырыңыз

5 Comment threads
1 Thread replies
0 Followers
 
Most reacted comment
Hottest comment thread
6 Comment authors
Азамат

Мәәә бұл тұра мен ғой!))

Улжан

Сукуйгышпен тауещкы мулде сайкес кемид дид мен сукуйгышпын куйеуым тауешкы турып жатканымызга 3 жыл болды аллага шукыр 2 баламыз бар

Шолпан

Мен тауешкі, жолдасым суқұйғыш. Отау құрғанымызға 7 жыл болды. Қанша ұрыс керіс болса да. Айырылмаймыз. 2 ұл. 1 қызымыз бар.

Турсынай

Тура мен жайлы айтылған мен Тауешкі күйеуім суқұйғыш аллаға шүкір тұрып жатқанымызға 7 жыл болды

Толқын

мен тауешкімін, жүріп жүрген жігітім де тауешкі. Екеумізге үйленуге болмай ма сонда?

Гулжан

Мен менрген тауешки мен дурыс келмейды