Тіс түсінде не мәнді білдіреді? Тіс түссе.

Түсінде тіс түссуі мүмкін. Оның қандай мағынасы бар?

Нострадамус түс жору. Түсінде тіс түссе

  • Тіс – өмірлік қуатты жоғалту, уайым.
  • Түсіңізде сіздің тісіңізді біреудің жұлғанын көрсеңіз, өмірде жақын адамдардың біреуін жоғалтып алудан қорқасыз.
  • Түсіңізде тістеріңіз түсіп қалса, əрекетсіздік пен дел-салдылығыңыз мақсатыңыздың орындалуына кедергі келтіреді.
  • Шіріген жəне қираған тістерді көру – денсаулығыңыз нашар.
  • Тіс орнына кетік көрсеңіз, қуатыңыз азайып, қарттық тез келеді.
  • Ауырған тіс – жеке өміріңіздегі қиындықтарды шешу керек.

 

2020 Жорамал

Миллер түс жорығышы бойынша – Түсінде тіс түссе

  • Тістерді көрген қарапайым тіс індетпен ауырып, сізді алаңдататын тынымсыз адамдармен жолығатыныңыз туралы хабарлайды.
  • Тісіңізден айырылсаңыз, қапалы жаңалық естисіз.
  • Түсіңізде тісіңізді дəрігер жұлса, сізді ұзақ ауыр ауру күтіп тұр.
  • Егер, түсіңізде адам физиологиясына тəн қалыпты тістер санын(28-32) көрсеңіз, көптеген қиындықтардан кейін жоғалтқан қазынаңыз өзіңізге қайта оралады.
  • Тісіңізді шайсаңыз немесе ыссаңыз, өз бақытыңызды сақтап қалу сізден көп күшті талап ететін болады.
  • Жалған тістердің түске кіруі басыңызға түсетін қиындықтар мен өтілетін сындар туралы сыр шертеді.
  • Тісіңізді жоғалтсаңыз – сіздің еңбегіңіз бен намысыңызды күйрететін ауыр жүк алдыңыздан шығады.
  • Түсіңізде тісіңізді біреу ұрып түсірсе, өз шаруаларыңызға мұқият қараңыз, жау тасада жатпайды.
  • Тісіңіз сынса немесе бұзылса, денсаулығыңыз, я жұмысыңыз шектен тыс ауыртпашылықтан зардап шегеді.

түсінде тіс көру түс жору

  • Тісіңізді түкіріп тастағаныңыз, сізге немесе жақындарыңызға ауыру қаупі төніп тұрғанын хабарлайды.
  • Кемшіліктері бар тістерді түсте көру – ең қауіпті белгі. Ол адам басына түсетін көптеген қиындықтарды көрсетеді: бұған кедейлік те, жеке жоспарлардың күйреуі де, тіпті сау адамның науқастануы да жатады.
  • Түсіңізде бір тісіңіз түсіп қалса – өкінішті хабарға, екі тіс – өзінің жинақты болмағандығынан алдынан шығатын сəтсіздіктер тізбегіне, ал үш тістің түсуі – өте күрделі қиындықтарға. Барлық тісіңіз түсіп қалса, алдағы үлкен бақытсыздыққа.
  • Түсіңізде тісіңіздің құртылғанын және оны жұлып алғаныңызды көрсеңіз, аштық пен өлім дəл сізді күтіп тұрғаны.
  • Тісіңіздегі дақ кетіп, тістеріңіз ағаратын болса, сіз көріп жатқан кедергілер – уақытша. Бұның бəрі аяқталғаннан кейін сіз ойыңызды өзгертіп, жауаптылығыңызға риза боласыз.
  • Өзіңіздің кіршіксіз таза тістеріңізге қызығатын болсаңыз, жаныңызға жақын достарыңыз жаныңыздан табылып, армандарыңыз орындалып, шынайы бақытты сезінесіз.
  • Ұйқыңызда тістеріңіздің бірін жұлып, тісіңізден айырылатын болсаңыз, кейін ауыз қуысыңыздағы кетікті тілмен іздеп, ал орны ғажайып түрде табылмаса, бұл түс сіздің жақын арада аса қатты көргіңіз келмейтін адаммен кездесетініңізді білдіреді. Дегенмен, бұл кездесу қайткен күнде де болып, болашақта сіз қоршаған адамдардың өсегіне қармастан ол адаммен кездесіп, кездесулерден ләззат алатын боласыз.
  • Егер де түсіңізде стоматолог тісіңізді ағартып берсе, ал келесі күні олар қайта сарғайса, шынайы өмірде сіз өз құқығыңызды қорғауды белгілі бір адамдарға тапсыратыныңызды, ал олар аз ғана уақытта алаяқтың құрбанына айналатын болады.
2020 Жорамал
32 Comments
Inline Feedbacks
View all comments
Айнұр
16/09/2018 22:43

Жақсы маған ұнады. Бірақ іштей қорқып кеттім өмірім не болып кетті деп. Бәрі бір Алланың еншісінде.

Кенжайым
01/10/2018 10:59

Жаксы маган унады

Жадыра
18/10/2018 07:22

Еды ыстейын оте коркыныштыгой

Дина
18/11/2018 12:42

Түсті жақсыға жорыған абзал. Осындай қорқынышты деректер неге керек деймін да. Адамның санасын улап. Бəрі Алланың қалауымен!

Айым
17/05/2019 23:55
Reply to  Дина

Соны айтам ? бәрі де Аллаһ еншісінде ?

Толқын
28/01/2019 14:41

Алла сақтасын

Султан
03/02/2019 15:12

Тисты жуып жатып канап кетсе не болды

Жансач
01/03/2019 07:47

Түсімде тістерім біртіндеп түсе бастады, сөйтіп түгел тісім түсіп қалды. Содан не керее жылап отырғандаймын енді не істеймін деп, сөйтіп жылап отырып айнаға тағы қарасам манағы барлық түскен тісімнің орнына барлығы дап жаңа күріштей тістер өсіп шығып ауыз қуысым тіске толып ақ тұр екен. Қуанып кетіппін сөйтіп. Осы қиындықтарымнан аман сау өтеді екенмін деп жорыдым

Гүлжанат
25/05/2019 19:01
Reply to  Жансач

Дәл менікіндей түс екен . Сосын өңіңізде қандай жағдайлар болды айтасыңба (мен үшін өте маңызды)

Алтынай
31/05/2019 12:12
Reply to  Жансач

Букил тис тускен жаман сиз ди кедергилер кутип тур сиздин жоспарнызды биреу бузат кыйналасыз бакыт сыздыкка ушыраисыз а жылап отсаныз ол куаныш бирдеме ге куанасыз

Айгүл
02/03/2019 07:27

Тусімде Қызымнің тісі тусіп қалыпты Сосын татесінің тісіде ауырып жур екен

Балзия
09/03/2020 02:45
Reply to  Айгүл

Менде түсімде көрген ем не болғанын айтаспа

Дархан
14/05/2019 07:26

Тус тулкинин бошы

Анар
09/06/2019 12:45

6АЙЛЫК КЫЗЫМНЫН АЗУ ТЫСТЕРЫ ШЫГЫПТЫ ДЕЙМЫН ОЛА БЫРЫНЫШЫ АЗУ ТЫСЫ ШЫГЫПТЫ ДЕП КУАНЫП ЖАТЫР ЕКЕНМЫН

Жанэля
23/06/2019 02:15

Түсімде бүкіл тістерім түсіп қап, мен соларды теріп орнына салып басып-басып қойып жатырмын. Бірақ олар қайттан түсіп қалып жатыр. Орындарына қойып, сөйлеп қалсам қайттан түсіп қалады. Осы 1 ай бұрын жыландар тоола көлде шомылып жүргенімді коргенмін. Жыландар аяғымның астында мойнымда оратылып жүр. Ол жайлы да оқысам жамандыққа екен. Соңғы кез жаман түстер коп көріп жүрмін. Негізі сол түстен кейін бүкіл достарым мемен араласпай қойды.
Енді не боларын білмеймін. Қорқып жүрмін. Нестесем болад? Ойларыңызды, ақылдарыңызды айтыңыздаршы) толық оқысаңыздар рахмет)

Айдын
16/09/2019 22:31
Reply to  Жанэля

Жылан ол байлыктын белгиси одан уайымдама бырак тистерин туссе не болатынын окыган шыгарсын Алланын кудирети шексиз Аллага сен!

Айтжан
15/11/2019 07:52
Reply to  Жанэля

сен кыз баласынба?

Даур
09/07/2020 19:58
Reply to  Жанэля

Мал сойып куран окытып садака бер Бари бир Алланын Колында гой жаксылыкка жеткизсин

Анел
26/06/2019 22:14

Меним акем 10 кун болды кайтыс болганына сол кезде еки алтын тиси болган еди соны синлиме акеп берипти менин рызашылыгым деп соны тусине алмай отырмыз ол не деп

Жанар
18/12/2019 11:32
Reply to  Анел

Түсінде о дүниелік адам бірнарсе акеліп берсе ол жақсыға жорылады. Қорыкпаныз.

Бекжан
26/10/2019 03:39

Сенбениздер Бари алланың колындагой окып алып конилге алудын кажети жок

Аман
14/11/2019 08:34

Суды ағызып тұрып түсіңді айтып тұрып ағызып жіберу керек

Ару
01/01/2020 11:01

Мен түсімде анамнын алдыңғы 2 тісі түскенін көрдім бірақ алдыңғы тістері протез тұғын, анам ауырып капты 1 тісі майысып тұр және пышақ тығып алған үйлеріңіздегі үлкен кісілерге жорытып берініздерші

Назым
22/01/2020 23:07

Менде тісім түскен түс көргем.Бірақ жан-жагым аман болсын деп жаксылыққа жорыгам.Одан кейін аяк астынан папам қайтыс болды.Жақыныңнан айрылу туралы естігем…

???
13/03/2020 08:27

Мен түсімде кетип бара жткан жеримнен азу тісім сынып калыпты,

Айжан
01/04/2020 15:55

Коркынышты. Менде ширик тистер тусип. Колыма алганда бари папак болды. Шошып ояндым озим жуктимин 7 айлык. Неше турли ойлар кеттигой

Манзура
13/04/2020 00:08

Бир алланың колында жаксылыкка болсын. Алладан асыпкан жан барма

Гульмира
16/05/2020 15:00

Астынгы курек тисин туссе не болады артынан кан шыкты

Алмагул
06/07/2020 09:21

Түсіңде қолдан салдырған тістің барлығы түсіп қалса не болат

Кымбат
22/07/2020 09:27

Мен тусимде азу тисим тусип калды

Мадина
23/07/2020 12:02

Түсімде таза алдыңғы тісім кимылдап түсті ол ненин белгиси

Темірғали
03/08/2020 09:26

Өтініш жауап беріңдерші бүгін анам аитады түсімде барлық тісім түсіп қалып сосын 3 азу тіс әп әдемі болп шығып келген адамдардын ьісі түсіп калса беті жаман болп туратын ал менікі жақсы дид аитп беріңіздерші