Өлтіру түске кірсе. Түсте адам өлтіру. Түсте аң өлтіру

Өлтіру неге түсіңізге кіреді? Бұл түстің мағынасы оны көрген адамға қарай өзгереді. Ата-анаңызға атылу – ұқсастықты іздеу. Жақын арада сіздердің қарым-қатынастарыңыз жақсарады. Өз өліміңізді көру-өмірде маңызды шешімдерді өзіңіз қабылдайсыз. Өз өміріңіз үшін өзіңіз жауапты болатын кез келді. Аңды немесе құсты өлтіру – пайдалы іске, табысқа және жақсы жаңалықтарға.

Жолбарысты өлтірсе, мансап бойынша жылдам жоғарылайсыз. Өгізді өлтірсе, үйіңізге дәулет келеді. Қойды бауыздаса, алдыңыздан қиындықтар шығады. Психологиялық түсініктеме бойынша өлтіру бірнәрседен құтылуды білдіреді. Көбінесе бұндай түс жақсылыққа жорылады. Ал түсіңізде сізді өлтірсе ше? Бұндай түс сіздің өмірде өзге адамдарға тым қатты сенетініңізді білдіреді. Қалғандардың кеңесі бойынша өмір сүруден шаршаған жоқсыз ба? Жетер! Өз миыңыз бен ақылыңызды қолданып, өз білгеніңізбен, жүрегіңіздің қалауыңызбен өмір сүріңіз. Егер де түсіңізде өзіңіз біреуді өлтіріп жатсаңыз, онда мезі болған әдеттерден, ешкімге қажет емес ырымшылдықтан құтылатын кездің келгені. Біреуге бірнәрсе дәлелдеп өз энергияңызды зая кетіріп жатырсыз. Өзіңізге ғана көңіл бөліп, рухани тепе-теңдігізді ұстаумен айналысыңыз. Өлтіру – ескі болмыстан арылып, жаңа «менді» табу.

Романтикалық түс жору – Өлтіру

Біреуді өлтіру туралы түстің баламасы мынадай: сіз бейсана түрде өз сүйіктіңізбен айырылысқыңыз келеді. Бұл қарым-қатынастың біткенін байқасаңыз да, бірінші болып бәрін тоқтатудан қорқасыз.

Торғайды өлтіру әдетте сіздің сүйіктіңізге қатысты қиындықтарды меңзейді. Ол тудырған қиындықтарды сіздің шешуіңізге тура келеді. Түсіңізде ғашығыңыздың бауыздалғанын көрсеңіз, өмірде араларыңыздағы құмарлық жаңа күшпен лаулайды. Оны біреу атып тастаса – сексуалды өмірдегі қиындықтарыңыз шешіледі.

адам өлтіру түс жору

Әйелдік түс жору бойынша өлтіру нені білдіреді?

Бұндай қылмыстың куәгері болу – адамдардың арамдығы үшін қапалану. Өзіңіз біреуді өлтірсеңіз – күмәнді істерге араласып, беделіңізге зардап келтіресіз. Сізге күш көрсеткен қарулы бандитті өлтірсеңіз, онда істеріңіз алға асады, мансап жолымен тез көтерілесіз. Өзіңізді өлтірсе, жауларыңыз сізді басып тастау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Досыңыздың суицид жасаңанын есту- маңызды істі шешудің алдындағы қатты күйзеліске.

Эротикалық түс жору бойынша өлтіру неге түске кіреді?

Түсіңізде біреу сізді өлтіреуге қам жасаса, сіз сүйіктіңізден шаршадыңыз, одан құтылудың амалын іздеп жүрсіз. Егер, сіз біреуді өлтірсеңіз, бұл түстің мағынасы қылмыс құралына байланысты өзгереді. Пышақпен болса, онда сіздің ғашығыңызға деген ұмтылысыңыз күннен күнге артуда, ол да осы сезімді бастан кешіруде. Тұншықтырсаңыз, онда қарым-қатынасыңызға өзгеріс енгізіп, оны ерекше қылдыру керек. Автомат пен тапаншадан атып өлтірсеңіз, онда жақын арада секстегі қиындықтардан құтыласыз.

туске өлтіру түс жору

Фрейд түс жоруы бойынша өлтіру нені білдіреді?

Сіз біреуді өлтірсеңіз, жалықтырған байланысты үзуіңіз керек. Бұл қарым-қатынасты сақтап қалу үшін барын істеп жүрсіз. Бірақ, доғару керек. Себебі, арадағы сезім сөнді, екеуіңіз де болашақ өмірлеріңізде бір-біріңізге орын жоқ екенін жақсы білесіз. Қылмыстың куәгері болу – аяусыздық, қатыгездік жайлы көп қиялдайсыз. Сіздің қатты қимылдарыңыз бәріне бірдей ұнай бермейді, сондықтан сексте өзімшілдік туралы сәл ұмытқаныңыз жөн.

Психолог К.Юнга түс жору бойынша өлтіру неге түске кіреді?

Өлтіруді немесе туыстарыңыздан айырылуды көрсеңіз, бұндай түс жан-жақты зерттелуі керек. Мағынасы контекстке қарай өзгеріп отырады және шынайы өмірмен әдетте байланыспайды. Көбіне терең архетиптік мәнге ие. Ата-ананың өлтірілуі- өміріңізде жеке тұлға болып қалыптасуыңызға әсер ететін күштердің бары. Егер қылмысқа өзіңіз барсаңыз, бұндай түс эгоңыздың осындай психологиялық деңгейге жеткенін білдіреді.

 

Сіздің түсіңізге лайықты түс жоруы: өлім, бейіт басы, өлген адам, жерлеу

Пікірді қалдырыңыз