Түсінде бақа немесе құрбақа болса.

Бақа немесе құрбақа түсінде болса – жүкті боласың, қонақ күтесің, қыз кезіктіресің (жігіт қызды, қыз құрбысын)// сәтсіздікке, кедергіге ұрынасың, маскүнемдерге жолығасың, басыңнан қапалы күндер өтеді, қу адамға кезігесің, өтірікке, ұрыларға тап боласың; судағы бақа – табысқа; көп бақа – ауруға; бақылдаған дауыстарды есту – мақтауға; үйден шығарып жіберу – жақын адамның өліміне; жеу – дертке.

Отбасылық түс жору бойынша түсіңізде көрген бақа нені білдіреді?

Бақа – қызық болып көрінсе де, түсіңізде көрген бақа бейберекет өмірді білдіреді. Ақшаңыз астан-көк шашылып жатпаса да, бақуатты өмір сүресіз. Ол сізге секіріп, қорқытса, сіздің ашынаңыз бар. Бұндай байланыс жақсы ештеңеге жеткізбейді, сондықтан кеш болмай тұрып оны үзіңіз. Сізді тістеп алғысы келсе, үйде отырамын деп қызықты танысуды жіберіп алуыңыз мүмкін. Егер, бақаны түсіңізде дүйсенбіден сейсенбіге өткен түні көрсеңіз, жақын арада той тойлататын боласыз. Кімнің тойы екенін бізден гөрі сіз жақсы білесіз.

Нумеролог қазақша

Бақаны түсіңізде көрсеңіз, сізге қымбат адам туралы ұнамсыз зат білесіз және одан жиіркеніп кетесіз. Эмоция үстінде бұл сезімге қатты батып кетпеңіз, бәрі аяқ асты өзгеруі мүмкін. Бақылдақ бақа ұзақ бойы кездесіп жүрген сүйіктіңізден көңілісіз қалатынын білдіреді. Құрбақа – зұлымдықтың белгісі.

Өмірде біреуді ренжітіп алған боларсыз, сол адам сізге тісін қайрап жүр. Жасаған әрекетіңіздің нәтижесін енді көресіз. Алайда, орнаған жайтта сіздің күнәңіз болмаған болса, ол адам дәл сізге емес, жалпы адамзатқа кек сақтап жүр. Бір уақытта көп бақаны көрсеңіз, сіздің ауыратыныңызды білдіреді.

Шығыс түс жору бойынша – Түсінде құрбақа немесе бақа болса

Әдетте бұл түс күдікті жайтқа тап болатыныңыз жайлы хабар береді. Түс көруші әйел адам болса, оның адал атына қауіп төніп тұр, қандай да бір жанжалда бар беделінен айырылуы ықтимал. Құрбақаны өлтіріп алсаңыз, адамдардың сізді және өмірге деген көзқарастарыңызды айыптайтындығына кезігесіз. Оның бетін жабу немесе қолмен ұстау – қауіпті белгі, сіз қанда да бір қылмысқа кінәлі болуыңыз мүмкін. Түсіңізде көрген бақадан жиіркенсеңіз немесе қорықсаңыз, өмірде сексе қарсысыз. Сіз оның мәнін түсінбейсіз, сізге секс жай ғана дененің бірлескен іс-қимылдары болып көрінеді.

Бақа – өмірде кезіктіретін қу және арам адамның көрінісі. Сізді біреу өз мансабында қолдану үшін тұзаққа түсіргісі келеді. Әйел адам бұл түсті көргеннен кейін жанында жүрген ерекектің ойыншығына айналмауы үшін сақтануы шарт. Жалпы, бақаны көрген адам жеңілтек болуын доғаруы керек.

Бақаны түсінде көргеннен кейін ұзақ уақыт бойы мазалап жүрген қорқыныштарыңыздан арыласыз. Өзіңізді сенімді сезінуге бөгет жасап жүрген комплекстарыңыздан арыласыз. Жеке өміріңіз бен жұмысыңызда да өзгерістер күтіледі. Әдетте бақа құрғақ және ыстық ауа-райын білдіреді. Қала адамы үшін бұл түс қауіпті емес, себебі ыстық күннен артық не бар? Ал ауыл тұрғындары үшін егіншілікте көп тер төгетінін меңзейді.

Құрбақаны түсінде көрген адам өзін әдемі емес болып сезінеді. Алайда, бұл түс тұрпайылықтың ғажап бірденеге өзгеретінін тұспалдауы ықтимал. Бақа мен бүркітті қатар көрсеңіз, руханилық пен нәпсіқұмарлықтың бірін таңдауыңыз керек. Бақа – сараң, дүниеқоңыз адамның белгісі. Өсек сөз бен бәсекелестікті білдіруі мүмкін.

Симон Кананит түс жоруы бойынша бақа немесе құрбақа нені білдіреді?

Құрбақаларды аса қатты ешкім жақсы көрмейтіні бәрімізге белгілі. Жалпы, бақаның түске кіруі жақсы ештеңені де меңземейді. Бұндай түстен кейін істеріңізде қиындықтар басталады немесе бәсекелестікке кезігесіз. Олар сіздің мансап жолыңыздағы жетістіктеріңізбен байланысты болуы мүмкін немесе ғашығыңыздың жүрегін жаулау үшін әлдекіммен бақталастыққа түсесіз. Жеңіс сізге оңайлықпен келмейді. Кейде бақа сіздің артыңыздан ерген өсектер туралы да айтады.

Құрбақаны түсінде көру – көбінде жақсы белгі. Ол пайда мен олжа туралы сыр шертеді. Егер де басқа пәтерге көшуді жоспарлап жүрсеңіз, қорықпаңыз, бәрі де сәтті өтеді. Еңбегіңіздің жемісін көріп, қонысыңыз жайлы болады. Бірақ, құрбақа жаман белгі де бола алады. Ол – жалған даналықтың, қара күштің және сізге жіберілген қарғыстың да нышаны.

Нумеролог қазақша

Пікірді қалдырыңыз