Түсінде босану. Бала туу. Түсінде босанса немесе туса

Босану туралы түстің мағынасы босанған адамның кім екеніне, қашан болғанына және дүниеге кімді алып келгеніне қарай өзгереді. Ер адам үшін баланың тууы сәттілікті, істерінің алға басатынын, олжалы болатынын білдірсе, жас қыз үшін бұл түс, керісінше, жамандықты хабарлайды. Біреу оның арына қол сұғып, өсектер тарату арқылы беделін аяқ асты еткісі келеді. Жүкті әйел түсінде өз толғағын көрсе, екі қолын кісендеп тұрған қиындықтан тез, әрі оңай құтылады.

Ұзақ және ауыр толғақ – шынайы өмірдегі қиындықтар мен бітпейтін шаруалардың белгісі. Егер, түсіңіз сәтті аяқталса, тыңдырылған жұмыстарыңыздан оң нәтиже күтуге болады.

Романтикалық түс жору бойынша баланы дүниеге әкелу, босану

Романтикалық түс жору бойынша баланы дүниеге әкелу келесідей ұғымдарды білдеріді: басы бос қыздың босануы – нашар белгі. Сүйіктісі немесе өзге еркек оның ар-намысын аяққа таптауы мүмкін. Тұрмыс құрған әйелдің босануы қуаныш пен қайғыны қатар әкеле алады: толғақ кезінде қатты қиналу – үй ішіндегі жанжалға, күйеудің опасыздығына. Әдемі ұл баланы көру – жайлы отбасылық қмірден рақаттану. Бір-біріне ұқсамайтын егіз қызды туу – келісімге келуге, сүйіктілердің арасында берекенің орнауына. Егіз ұл босану – сүйікті адамның екіжүзділігіне кезігу.

түсінде туу босану түс жору босанса

Түсіңізде қандай көңіл-күйде жүргеніңізді еске түсіріңіз. Егер босанған кезде қуанышты болсаңыз, өмірде де бәрі жақсы болады. Ал ауырсыну мен абыржу сақтық танытуыңыз керектігін білдіреді. Ванга түс жоруы бойынша балаға өмір сыйлау – араздық пен ұзаққа созылған ұрыстың тыйылатынының белгісі. Толғақтың сыртынан бақыласаңыз, онда өмірде қиындықтарға кезігесіз. Толғақ жақсы аяқталса, бәрі сәтті шешіліп, кедергілер өміріңізді қатты қиындатпайды. Өзіңіздің босанғаныңызға сырттай қарау – сізге өміріңізді толығымен өзгертуге мүмкіндік беріледі, одан айырылып қалмаңыз. Ана мен іштегі сәбидің өлуі үлкен қасірет туралы хабарлайды.

Психолог Миллердің түс жоруы бойынша түсінде босанса

Тек жақсылыққа жорылады. Жақында сізді уайымдатып жүрген дұниелердің бəрі өздігінен шешіліп, жайлы өмірге аяқ басасыз. Жас əйелдің босануын көру жақын арада жүкті болатындығыңызды білдіреді. Ал тұрмысқа шықпаған жас қыздарды көрінгеннің жетегінде кетпей, арын сақтағаны жөн екенін ескертеді. Түсінде өзінің босанғанын көрген еркек ештеңеден қорықпай, кез-келген іске кірісуінеболады.

түсінде ұл бала туу

Толғақ уақытын түсінде көрген адам мақсатына жетуге бар күшін салуда. Егер бұл түсті жүкті əйел көрсе, ұлды болады. Босануды тек сырттай бақылап тұрса, күтпеген жерден шығынға батуға дайындалыңыз. Түрмеде отырғандар үшін баланың дүниеге келуі – бостандыққа шығуды, саясатшыларға – отанына оралуды, ауыр науқастарға – қайтыс болуды білдіреді. Түсінде босанған адам арманын орындағысы келеді.

Сіздің түсіңізге лайықты түс жоруы:

Жүкті. Түсінде екі қабат болу немесе аяғың ауыр болса

Түсінде ұл бала босанса. Түсте ұл босану немесе туу

Түсінде қыз босану. Қыз бала босанса немесе туса

2
Пікірді қалдырыңыз

2 Comment threads
0 Thread replies
0 Followers
 
Most reacted comment
Hottest comment thread
2 Comment authors
УЛЖАН

Тусимде еги туыппын бир ул бир кыз нени билдиреди

Молдир

Тусимде 3кыз 2ул босанып куанып журмин