Түсінде түйе болса. Түсінде түйе көрсең

Түс жоруы бойынша түйе нені білдіреді? Зообақтағы түйе – нашар белгі. Өзіңізді қолға алып, тұлға ретінде шынданыңыз. Түйені көргеннен кейін өміріңізде қиын кезең басталып, кедергілерге ұрынасыз. Түйе жүгін қалай көтеретіні есіңізде ме? Сол секілді сіз де басыңызды тік ұстап, ауыр қиындықтардан қашпаңыз. Тек осы жағдайда ғана өміріңізді түзете аласыз.

Түйе – жақсы белгі. Шыдамдылық пен төзімділік танытсаңыз кедергілер тізбегін үзе аласыз. Жануардың иесі болсаңыз, істеріңіз алға басады. Шөл даладағы керуен – ұзаққа созылған аурудан айығу немесе соңғы уақытта келген көмек. Түйемен саяхаттасаңыз мақсатыңызға өзіңіз қалағаннан баяу жақындап келетініңізді білдіреді.

Нумеролог қазақша

Отбасылық түс жору бойынша түсінде түйе

Жалғыз өркешті түйе оңтайлы шешілетін қиындықтарды білдіреді. Соның арқасында біраз қаржыға ие боласыз. Сейсенбіден серсенбіге ауған түні бұл түс басшылықпен ұрысатыныңызды білдіруі мүмкін. Оның алдын алу үшін бар айлаңыз бен ақылыңызды қолданыңыз. Ал жексенбіге өткен түні жалғыз өркешті түйе достарыңыздың көмегіне жүгінуіңіз керектігін білдіреді. Өзгеше түсті түйе – мектеп кезінен бастап көрмеген досыңызды жолықтыратыныңызға. Бойдақ еркектер бұл түсті көргеннен кейін болашақ жұбайы болар қызды кезіктіреді.

Қара түсті түйе байланыстың ұзаққа бармайтынын хабарлайды. Екі өркешті түйе – бастаған әр ісіңіз сәтті жүреді. Өте қолайлы лауазымға ие болып, тұрмысыңызды жақсартасыз. Шөл далада тікен жеп жатқан түйе қандай да бір жаңалық не жағдай қуанышыңызға сызат түсіретінін білдіреді. Алайда бұл түсті бейсенбіден жұмаға ауысқан түні көрсеңіз, оның ешқандай да мәні болмайды.

Түсінде түйе болса Қытай түс жоруы бойынша – оң белгі.

Өте жақын арада сізге елеулі және маңызды іс тапсырылады. Жүк артылған жануарды көрсеңіз өзіңіздің бар қасиеттеріңізді іске қосып, ұйымдастырушылық қабілеттеріңіздің барын көрсетіңіз.Соның арқасында лауазымыңызды жоғарылатуы мүмкін. Қолыңыздағы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Түйенің үстінде отырсаңыз, өзіңізге өзге біреудің жұмысын артасыз. Өлі жануар жолдағы кедергілерді білдіреді. Ал оны өлтіру – жақсы уақыт өткізуге. Үстіне көп жүк артылған түйені көрсеңіз, аяқ асты табысты келісімге келіп немесе кездейсоқ табысқа кенелесіз.

Түйемен шөл даланы кешіп өту Копалинский түс жоруы бойынша еңбекқор жұмысшыны білдіреді. Түйе сияқты жұмыс істеу сөзінің мағынасы білесіз бе? Жануардың түске кіруі де дәл осы мағынаға ие. Сізді ауыр еңбек күтіп тұр, әрі оның жалақысы аз болуы мүмкін. Қара түйе – қауіпті белгі, қаралы хабар. Танысыңызды өлтіріп кетуі ықтимал. Түйенің үстінде отыруыңыз – жақсылыққа, бойыңызда күтпеген дарыныңыздың бар екенін байқайсыз. Мүмкін, сіз көріпкел, эзотерик немесе тәуіп шығарсыз? Керуен байлық пен дәулетті білдіреді.

Француз түс жоруы бойынша түйені көру

Түсінде түйе көру әдетте жақсылыққа баланады: сіз мақсатыңызға нақ басып келесіз, бірақ өзіңіз қалағаннан баяуырақ. Дәулет пен табысқа жеткіңіз келсе, шыдамдылық танытқаныңыз жөн. Бұл түстің тағы бір мәнісі бар – қандай жағдай болмасын достарыңыздың көмегіне сене аласыз. Кейде түйе жайсыздықты да білдіреді: жалақыңыздың қысқарғаны үшін таршылық пен үнемшілдікте өмір сүруіңізге тура келеді.

Миллер түс жоруы бойынша түйе әртүрлі мағынаға ие.

Көбіне ол арқаға артылған үлкен жүкті білдіреді. Өзіңізді аямай жұмыстың үстіне жұмыс алып жатырсыз, сондықтан қиындықтарыңыз да көбеюде. Соның бәрі қаншалықты маңызды? Бәлкім кейбіреуін шегере тұрғаныңыз жөн шығар?! Басқалармен бөлісуге болмайды ма? Шауып бара жатқан жануар жақында қиын жұмысқа кезігетініңізді білдіреді. Егер түйенің үстінде өзіңіз отырсаңыз, еңбегіңіздің арқасында бақыт пен дәулетке жетесіз. Оның иесі болсаңыз, бастаған әр ісіңіз сәтті жүреді. Тақыр шөлде кетіп бара жатқан керуен дерттен сауығып, соңғы мезетте күтпеген жерден сізге біреудің көмектесенін білдіреді.

Мұсылман түс жоруы бойынша өзіңізді түйенің үстінде көру – саяхатқа.

Бірнеше үйір түйеңіздің барын көру – билік пен шексіз байлыққа. Жануардың жақындағанын көрсеңіз, сақ жүруіңіз керек. Жүктеулі түйе келген елді мекенде жұқпалы ауру таралады. Заманауи түс жору бойынша екі өркешті түйе – жақсы белгі. Өз еңбегіңіздің арқасында танылып, беделге ие боласыз. Мүмкін, ержүрек іс жасарсыз. Бірақ, бұны жақсылыққа балау қиын. Себебі оның артында қымбат заттан бас тарту немесе өмірмен қоштасу жатыр.

Нумеролог қазақша

Пікірді қалдырыңыз