Қыз баланы дүниеге əкелгеніңізді көру – жайлы өмірге, қуаныш пен отбасыдағы берекеге. Əдетте, бұл түсті жүкті əйелдер не қызды болғысы келетіндер көреді. Бойдақ қыз қызды болғанын көрсе, намысының аяққа тапталатынына өзі кінәлі болады.
Тұрмыс құрмаған əйелдер үшін бұл түстің тағы бір баламасы бар: аяқ асты қуанышты хабар естиді. Жүкті əйелдердің толғағы жеңіл өтіп, дені сау бала туады.
Ванга түс жоруы бойынша қызды туу
Таң қалуға, жағымды істерге жəне шынымен де қызды болуға. Жалпы баланы босану – өте қуанышты, жағымды, мейірімді құбылыс. Сондықтан түстің мағынасы да жақсылыққа жорылады.
Тез әрі жеңіл босану барлық қиындықтарыңызды басқа адамның мойнына артып, рахаттанатыныңызды білдіреді. Ересек баласы бар әйел қызды болғанын көрсе, күйеуімен не сүйіктісімен арадағы сезімі қайта лаулап, махаббат пен құштарлық жанұяға оралады.
Еупопалық түс жору бойынша қыз баланы босансаң
Өмірдің сізге бәрін өзгертуге екінші мүмкіндік бергенінің белгісі. Қыздың шетінеп кетуі өмір бойы жалғыз болатыныңызды білдіреді, оның үстіне қатты ауруға шалдығасыз. Туыстарыңыздың бірі босану үстінде қайтыс болса, жақындарыңызбен ара-қатынасыңызды жақсарту үшін жасаған барлық әрекеттеріңіз сәтсіздікке ұрынады. Жоспарланбаған қызды босану – еңбегіңіздің жемісін енді көретініңіздің нышаны.
Заманауи түс жору бойынша
Қызды қиналып босану отбасындағы берекені жорамалдайды. Көк көз сәби – үлкен қуанышқа. Судың ішінде босансаңыз, жанұяның толығатынына және табысқа кенелуге дайын болыңыз. Әдемі нәресте – зор дәулетке.
Сіздің түсіңізге лайықты түс жоруы:
Жүкті. Түсінде екі қабат болу немесе аяғың ауыр болса
балаы босанып емізсе не болады?
Ухтап қалады
Егерде бұндай түстерді ер адам көрсе, жүкті əйел қыз бала босанып, оның артынан ұл бала босанса не болады?!
Менің негізі 2 қызым бар. Түсімде босанған екенмін және қыз туыппын. Мен оған разы емес екенмін. Осыны жорып беріңіздерші. Өмірде рас ұлды болғым келіп жүр. Үшіншісі ұл болса екен деген арманым бар.
Жүкті әйел түсінде егіз қыз босаңсу қалай жоруға болады???
Салметсіздерма менін есмім роза мен түсімде акем келіпті маган бірдене аитты содан ак койлекте келін кордім киуінін кимі ак кастиюмде маган аиты сен тізімде жоксын дед маган бірнеше тарелка ұстаты мен оны ашуланып жерге лактырдым одан кин көшеде келе жатсам жігітім машинасы келіпті мені машина алдынгы роль баска аиел отыр мені жарты жолдан тастап кетіпті
Күйеуімнің түсінде қыз босаныппын бұл ненің белгісі алде Алла бұйыртып көтеремін ба (көтере алмай жүрмін)
Аумин ???????
Мен бугын тусымде босана алмай киналып жатыр екенмын толгак келмей туатын уақыттан отып кеткен екен 41 42 апта болып. ол не болады жорып бере аласыздарма