Түсінде құмырсқа болса. Құмырсқа түске кірсе.

Құмырсқалар неге түске кіреді? Құмырсқа – кішігірім қиындықтардың белгісі. Оларды түсіңізде көрген күнге ешқандай жоспар құрмаңыз, істеріңіздің бәрін қолайлы уақыта қалдырыңыз. Бірақ, құмырсқаны ұстауыңыз, керісінше, жақсылыққа баланады. Жақында кішігірім байлыққа жетесіз. Әрине, сіздің қиялдағаныңыз одан көп, алайда, әзірге осы да болады.

Құмырсақаның илеуі бірсарынды өмірді білдереді. Оны басып кетсеңіз өміріңізді өз қолыңызбен құртасыз. Құмырсқаларды төсегіңізде көрсеңіз немесе олар сіздің ауыз бен құлағыңызға, көзіңізге кірсе, қауіпті жағдайға түсуден сақтаныңыз, кенет дертке шалдығуыңыз мүмкін.

Нумеролог қазақша

Психологиялық түс жору бойынша құмырсқа нені білдіреді?

Өмірде құмырсқадан асқан еңбекқор және мақсатшыл жәндік бар ма? Оларды түсіңізде көргенде қандай әсерде болдыңыз: жайсыз сезінсеңіз, кейбір жұмысты орындауды көмекшілеріңізге тапсырыңыз. Ештеңе сезінбесеңіз өмірде үлкен жетістікке жетесіз, тек кішкене тырысыңыз. Сонымен қатар құмырсқа – әлеуметтік жағдайыңызды ойлануыңыз керектігі жайлы жан айқайы. Оған көңіліңіз толмаса, бәрін өзгертетін кез келді.

Италия түс жору бойынша құмырсқа нені білдіреді?

Оны ғашық адам көрсе жақсы көретін адамына үйленіп, дүркіретіп той өткізеді. Бірақ, құмырсқа тістеп алса, үйленгеннен кейін отбасында ұрыс пен жанжал басталады немесе ерлі-зайыптылар опасыздыққа барады. Жәндіктерді басу және өлтіру – отбасы берекесін өз қолыңызбен бұзатыныңыздың нышаны. Ойланбаған ессіз әрекеттен, артық сөзден сақ болыңыз. Сүйіктіңіздің көңіліне тигізуіңіз мүмкін.

түс жору құмырсқа

Құмырсқаларды көру – қандай да бір іске кесір тигізу. Ештеңе істемей тұрған құмырсқалар дағдарыс пен тоқырауды білдіреді. Әдебиетші Эзоп түс жоруы бойынша әлденені илеуге тасып бара жатқан құмырсқа болашақты ойлануыңыз керектігін меңзейді. Жақын арада ақшадан қысылуыңыз мүмкін, сол кезде қара күнге жинаған тиын-тебендеріңіз көмектеседі.

Құмырсқа шоғырын көрген адамның өмірде адал достары көп, оларға үнемі арқа сүйеуге болады. Жәндік тістеп алса, жақын адамыңыздың құрған тұзағына түсіп қалудан сақтаныңыз.

Нумеролог қазақша

Пікірді қалдырыңыз