Түсінде ұл тусаң. Түсте ұл босану немесе туу

Ұлды болу сәттілікке, қаржылай табысқа баланады, тек белсенділік пен қызығушылық танытуыңыз керек. Өзіңіздің материалды жағдайыңызды тұрақтандыра аласыз. Ұл бала әрқашан –қуанышты жаңалыққа және бақытқа.

Миллер түс жоруы бойынша ұл бала

Ұл бала жақсылықты білдіреді. Түс көруішінің лауазымы жоғарылап, қоғамдағы орны өседі. Бойдақ қыз бұл түсті көргеннен кейін тұрмысқа шығу туралы ұсыныс қабылдайды. Науқас бала отбасындағы ұрыс пен жайсыздықты білдірсе, жоспарланбаған ұл нашар көңіл-күйді, бос әурені және себепсіз байбаламды хабарлайды. Дүниеге ұл әкелу жаңа идеяның пайда болуымен тұспа-тұс келеді. Сонымен бірге тез арада қамданып, белсенділік танытсаңыз жағдайыңыздың жақсартуға мүмкіндік ашылады. Мүмкін, дәл қазір ойлаған жоспарыңыз үлкен табыс әкеліп, басшылыққа ұсынылған тың идеяңыз лауазымыңыздың жоғарылауына әсер етер. Ұл бала – бәсекелестіктің белгісі. Сондықтан, жеңіске жету үшін өзіңіздің артықшылықтарыңыз туралы баршаға жариялап, өзгелермен күресуден қорықпаңыз. Табанды еңбегіңіз үшін тағдыр сізді міндетті түрде марапаттайды. Күтпеген жағдайлардың өзін қолдана біліп, аспан астындағы орныңызды табу үшін еш қиындықтан қашпаңыз.

Нумеролог қазақша

Ұл бала – өзгерістердің белгісі. Түсіңізде қандай көңіл-күйде болдыңыз, соған қарай түстің мағынасы да өзгереді. Қапалы болсаңыз, жоспарларыңыз сәтсіздікке ұрынады, қуансаңыз – мақсатыңыз орындалады. Бойдақ қыз үшін бұл түс оның ана атануға дайын екенін білдіреді. Болашақта ұл баланың анасы атанып қалуы әбден ықтимал. Ұл баланы дүниеге әкелгеннен кейін түс көрушінің кәсіп пен іскерлікте жолы болады. Баланы үйде босансаңыз, отбасыңызда бақыт пен береке орнайды. Біреудің ұл туғанын көру – жанға жайлы кездесуге, саяхатқа және қуанышты жаңалыққа. Сонымен қатар қиындықтардың оңай шешіліп, бай, әрі беделді қамқоршыға ие болуға.

Әмбебап түс жору бойынша бойдақ қыздың ұлды болуы – жеке өмірдегі сәттілікке, байлыққа, таныстармен арадағы жақсы қарым-қатынастарға. Тұрмыстағы әйелге – жанұядағы береке мен қуаныштың сәттердің көп болуына. Отбасындағы айқай-шудың бәрі басылып, тыныш өмір басылады. Ұл бала тек қана жеке өмірдегі ғана емес, жұмыстағы да табысты және берекені білдіреді. Дүниеге келгеннен кейін нәресте бірден сөйлеп кетсе, өмірде қиындық пен еш қайғы көрмейсіз. Егер босанушы сіздің анаңыз болса, ол жұмыста сіздің көмегінізсіз үлкен табысқа жетеді. Сіздің қызыңыз болса, отбасылы өмірі жайлы болады.

Ұлды болу – жоғарғы күштің оң белгісі. Тағдыр сізге оң көзбен қарап, туындаған қиындықтарыңыздың бәрі оңай шешіледі. Ұл баланы туғаннан кейін бірден байып кетпейсіз, ол үшін тынымсыз еңбек ету керек. Түс тек қана қазір ыңғайлы сəттің туғаны туралы хабарлайды. Кез келген жағдайда тиімді сəт үлкен рөл атқарады. Уақытты барынша қолдана білу керек. Ұл баланы босанғанын көру əйел адам үшін еркектермен – əкесі, ағасы, күйеуі, ғашығымен- қарым-қатынасы жақсаратынын білдіреді. Мүмкін, солардың бірі армандарыңыздың орындалуына көмектесер. Өміріңіздегі ер адамдарға көбірек көңіл бөлуіңіз керек, солардың арқасында жағдайыңыз жақсарады .

XXI түс жоруы бойынша

Жас қыз ұлды болғанын көрсе, жақын арада тұрмысқа шықпайды – бойдақ өмірдің қызығын өткізіп алмасын. Жүкті əйел бұндай түсті көргеннен кейін еш уайымдамасын: толғағы жеңіл өтеді. Некесіз бала – сізді таныстарыңыздың сылаймайтындығы. Үстіне олардың арасында беделіңіз төмен.

Сіздің түсіңізге лайықты түс жоруы:

Түсінде қыз тусаң. Қыз бала босанса немесе туса

Түсінде босану. Бала туу. Түсінде босанса немесе туса

Нумеролог қазақша

Пікірді қалдырыңыз