Өлген адам түсінде болса. Түсте өлген адам келсе

Түсінде өлген адам көру нені білдіреді? Кейде біз өлген адамдарды түсімізде көріп жатамыз. Содан кейін олар бізге не айтпақшы, не туралы хабарламақшы деп ойланамыз.

Классикалық түс жору. Өлген адам.

Түсінде қайтыс болған туысқанын көрген адам өмір сүру салты мен қағидаларын қарастыру керек. Қателік жасамау үшін, ағат қадам баспау үшін өміріңізді өзгертуіңіз керек болар. Өзіңізді шыңдап, жұмыс істеңіз.

загрузка...

Өлі туыстарыңыз түсіңізге тіріліп келіп, сізбен сөйлесе бастаса, – қашпаңыз. Олардың айтқан сөзіне құлақ асыңыз. Сіздің санаңыз жаныңызға қымбат адамдардың бейнесі арқылы тығырықтан шығар жолды ұсынып тұр. Бәлкім, қайтыс болған туысыңызды көп ойланып, есіңізге алған боларсыз? Бұл да ол адамды түсіңізде көруіңізге түрткі болған шығар.

кайтыс болған өлген адам түсінде түс жору

Өлі адамдарды түсінде көру – күтпеген жаңалыққа, туысқандарыңызды көру – қуанышқа, достарыңызды көру – маңызды жаңалықтарға. Қайтыс болған алыс туысқанын көрген кәсіпкер сақ болуы керек, оны қапалы жаңалықтар күтіп тұр. Тірі танысыңызды өлі адам ретінде түсініңізде көрсеңіз, ол адам өмірде сізге талай машақат әкеледі. Өлі адамды көру – ауа-райының күрт өзгеруіне.

Түске кірген адам бұрын қайтыс болса, отбасын үлкен жаңалық күтіп тұр. Өлген адамдардың кеңесіне құлақ асу керек екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденіп қойған. Себебі, ұйқыдағы демалыс уақытында адамның санасы қиындықтарды шешетін тиімді жолдарды дұрыс табады. Қайтыс болған досыңыз сізге айналадағылармен сөз тап, келісімге кел деп хабар береді. Сондықтан, қапалы досыңызды көрсеңіз, жаныңыздағылардың көңілін табуды үйреніңіз. Өлі адам басқа адамның өлімі туралы хабарласа, ол адамды өмірде қиындықтар күтіп тұр. Қайтыс болған досыңыз немесе құрбыңыз қандай да бір бұйымтай айтса, оны міндетті түрде орындау керек. Өлі достарының шағымын есту – нашар жаңалықтарға.

Егер, түсіңізде сіздің құрбыңыз өлім алдында жатса, онда жақын арада екеуіңіз ұрысып қаласыздар. Егер,оны ажал құшса, онда жұмыстағы кикілжіннен арыласыз, алайда, құрбыңыз сізді де артынан шақырса, онда отбасыңызбен күтпеген әңгіме құрасыз. Өлген ағаңызды көрсеңіз, достарыңыздың бірі сіздің көмегіңізге мұқтаж болады. Бәлкім, қарызға ақша алар. Егер, ағаңызбен ара-қатынасыңыз жақсы болса, онда қарызға ақша беруге болады. Қайтыс болған аға-қарындастарыңызды тірі қылып көрсеңіз, онда ақшаңыз пайда болады. Қабірде жатқан адамды көру – ауа-райының өзгеруі мен күтпеген сапарға. Қайтыс болған адамның қабірін жасау – мансап сатысымен жоғарылауға.

түс жору өлген адам түсінде

Мұсылмандық түсжорығыш. Өлген адам түсінде болса.

Қайтыс болған адамның тыныш жатып-ұйықтауы – ана өмірде бейберекет өмір сүріп жатқанының белгісі. Сол адамның артынан еріп, дауысын есту – жаман белгі, өлімнің жаршысы. Егер, бір емес, бірнеше өлген адамды көрсеңіз, өмір туралы көз-қарастарыңыздың қате болуы мүмкін екенін білдіреді.

Өлген адам – ауа-райының кенет өзгеруінің белгісі.

Психологиялық түс жору. Өлген адама түсінде келсе.

Психологтардың пайымдауынша, бұндай түстерді шын деп қабылдаудың қажеті жоқ. Әдетте, өлген адамды көру – оған деген сағыныш белгісі. Өлген немесе қасақана өлтірілген адамдарды түсінде көрген адам өмірде үнемі күйзеліс сезініп жүреді.

Нострадамус түс жоруы. Өлген адам туралы

Егер, қайтыс болған адамды көріп, одан қашып кетпесеңіз, өмірдегі қорқыныштарыңызды қолда ұстап, онымен күресуді үйренгенсіз. Өлі адамды көру, дауысын есту, артынан еру – ауруға. Өлі жан сізбен уайымдарымен бөліссе, шіркеу мен мешітке асығыңыз. Ал қайтыс болған адамды жалаңаш қалпында көрсеңіз, керісінше, бұл – жақсы белгі. Яғни, ол адамның жаны тыныштық тапты.

өлген адам түс жору түсінде

Балалық түс жору.

Өлген адамдар неге тіріліп түске кіреді? Өлген адамнан сыйлық алу- жақсы белгі, бақыттың баламасы.

Ағылшын түс жоруы.

Қайтыс болған туыстарыңыз бен достарыңыз түсіңізге кірсе, олардың көңіл-күйіне назар аударыңыз. Егер, олар қапалы болса, қаралы хабарлар күтіңіз. Керісінше, көңіл-күйлері жақсы болса, көптеген қиындықтарыңыз жақсы шешіледі. Адамның ауыр дерттен қаза тапқанын көрсеңіз, онда ауа-райы құртылады.

Символдық түс жору. Өлі жанды көру нені білдіреді? Егер, ол сізді артынан шақырса немесе өзінің затын сыйласа, – жақын арада күтпеген жерден ауыр дертке шалдығасыз. Бұл түстің басқа да баламасы бар. Түс көруші адам қайтыс болған жанды қия алмай, онымен кездесуге үміттеніп жүр. Бұндай түстерден кейін шіркеу мен мешітке барып, дұға оқып, имаммен кездесу керек.

Егер өзіңіздің қайтыс болғаныңызды көрсеңіз, өміріңіздегі ауыр кезең өтіп, ойластырған жобаңыз сәтті аяқталады. О дүниеге аттанған ата-анаңызды көру – сіз қамқорлыққа зәрусіз. Қайтыс болған ата-әжеңізді көрсеңіз, онда өміріңізде сыни кезең басталды. Олардың кеңестеріне көңіл аударып, аса мұқият болуыңыз керек.

Қытай түс жору. Өлген адам түсінде болса

Егер өлген адам сізден тамақ сұрап, сіз оны тамақтандырсаңыз – бұл жақсы белгі. Осы түсті көрген адам сәттілікке жолығады.

Ортағасырлық түс жоруы. Өзіңіздің өлгеніңізді көру – туыстарыңыздың табалауына ұрынасыз. Қайтыс болғандармен әңгімелессеңіз, сәттілікке кезігесіз. Өлі жанның алдыңызда кетіп бара жатқанын көру – оны жақын арада ұмытатыныңыздың белгісі. Оған бірнәрсе ұсынау жамандыққа болса, гүл мен жануар сылау, керісінше, жақсы белгі. Үйіңізге өлген адамды шақыру – қаржылай табысқа. Қайтыс болған адамды түсінде көргеннен кейін түс көруші өз денсаулығына назар аудару керек.

Сіздің түсіңізге лайықты түс жоруы:

Бейіт басы, өлім, жерлеу

2020 Жорамал
110 Comments
Inline Feedbacks
View all comments
Айзат
06/03/2019 06:52

Сәлеметсізбе! түсімде қайтыс болған анамды көрдім, ол менімен сөйлеседі, шақырады.

Досымхан
25/07/2019 12:19
Reply to  Айзат

Мүмкін абайлау керек

Таңшолпан
12/11/2019 08:58
Reply to  Айзат

Меніңде анам тұсіме кірді

Айнур
09/07/2020 09:28
Reply to  Айзат

Түсімде енемді көрдім, ол кісі бақилық болған. Шүйіркелесіп әңгіме айттық. Жолға дейін шығарып салды

Жадра
02/04/2019 21:18

Өлген адам ақша ұсынып тұр екен???

Кымбат
28/10/2019 09:49
Reply to  Жадра

Ақшаны алуға болмайды.жаман ырым

Молдир
08/12/2019 11:27
Reply to  Жадра

Менде түсімде әкем акша баримизге ұсынды оны сыйлык деп кабылдадым.жаксылыктың .бақыттың белгісі деп жорыдым..

Рахымбай Аида Сапарғ
19/07/2020 21:11
Reply to  Молдир

Түсте өлген адамна ақша алу жақсы емес😟

Арман
11/10/2020 10:09

Менде түсімде. Атам марқұм ақша берді

Эльмира
30/04/2019 16:09

Түсімде дүниеден өткен анамды алыстан көп көремін,уайымдап жүрмін.

Tyute Lonbon
20/10/2019 07:30
Reply to  Эльмира

Құран бағыштаңыз анаңыз құран дəметіп жүр

Сағыныш
08/05/2019 13:28

Өлген адам шақырса бармау керек

Гулсая
30/07/2019 13:19

Салеметсизбе! Тусиме өлген аталарым және жездем кирди солармен сөйлесіп отыр екенмин

Асем
19/08/2019 00:12

Менің сұрайын дегенім түсіме қайтыс болған нағашы ағам кірді өзімен бірге құдықтағы суға мені тартты бірақ мен кірмедім. Нені білдіреді?

Орынкүл
26/08/2019 10:07

Мен түсімде қайтыс болған Атамды көрдім ол қолына нан ұстап тұрды , содан кейін сендерді сағындым деді ол нені білдіреді

Гулнур
30/08/2019 11:56

Осыдан 2 ай бурын анам кайтыс болды. 2 синилимнин тусине киреди жасыл койлек киип журеди екен жасыл ненин белгиси?

гуля
21/09/2019 22:59
Reply to  Гулнур

жаксы тус!! Ананыз ана омирде киналмагыны ?. Жасыл тус кору жаксылыктын белгиси

Пая
22/10/2019 03:03
Reply to  Гулнур

Жасыл мұсылмандардың сүйікті түсі,жаны жай тапқанғой деп болжайық

Аяулым
20/10/2019 21:28

Түсімде қайтыс болған мамамның суретін көрсе не болады

Данок
06/11/2019 07:30

Әкем түсімде сыртқы табалдырыққа келіп отырды. Сөйлемеді. Анама айтсам ол кісіде сондай түс көріпті. Менің үй-күйім бөлек. Тірі кезінде де әкем үйіме келе бермейтін. Басқа қалада тұрамын

Рыскүл
10/11/2019 09:35

ӨЛГЕН Әкем есіктің алдында алып кетем жинал десе

Балжан
10/11/2019 11:37

Тусымде акемды корыппын маган ренышты урсып жатыр екен

Айша
28/11/2019 09:05

Саламатсызба? Түсімде өлген адам келіп денесі үйде тұр екен өзі келіп маған қарап тұр екен мен тілімді калимаға келтіріп жатсам олда менің айтқанымды айтып жатыр екен. Соын ол маған силық беріпті. 1 бір қалташа алтын сияты но ашып көре алмадым.2 не екенін анық білмим.3 қалташады аяқ киім майлайтын крем екен бірақ ол өзіңе керек деп қайтарып жіберіпін

Гулмира
30/11/2019 08:28

Саламатсызба.
Мен тусимде кайткан агамды кордим,уйыктап жатыр екен.жанында жолдасымен кишкентай бала жатыр екен,дурыс ангармадым.Аралары алшак екен.
Аяк астарында Анам уйыктап жатыр.
Мен де уйыктагым келип отыр екен,Агам касына жаткым келди,бирак жатпадым.
Агама карап жылап отыр екенмин.сагынып ,мени кушактамады деген сиякты оймен.
Бул нени билдиреди екен? Оянсам онимде де жылаппын.

Жасел
07/12/2019 16:11

Тусимде кайтыс болган анамды кордим анам менен топырак сурап жатыр ол ненин белшиси?

Мөлдір
18/09/2020 10:41
Reply to  Жасел

Анаңызға құран бағыштаңыз

Бота
19/12/2019 01:32

Тусімді қалай жоруға болады?
Әкемнің Қайтыс болған Ағасы түсіме жиі кіреді. Алғаш рет қайтыс болғаннан кейін 5 ші күні кіреді. Тіріліп қайтып келген. Әкем айтыпты сен қайтыс болғансың неге келдің деп, Ағасы барғым келмейді олжаққа менің қабірім бөтен адамның орны деп. Сосын мен барып қабірін көрдім қызыл қан жане сүйектер болды. Мен қатты қорқып оянып кеттім.
2ші рет түсіме кіргенде ол кісімен Валсь билептім мен оны сағынышпен құшақтаап алғам а ол маған ештене сойлемей тура берді үнсіз. Сағындым сізді деп мен жыладым ол үндемей кетіп қалды.

Ажар
25/07/2020 01:20
Reply to  Бота

Құран бағыштаңыз, сүре оқыңыз өзіңіз, және садақа беріңіз қой сойып үш отбасыға таратып жібпріңіз.

Жансая
11/01/2020 17:24

Мен жума куни 2жума бурын кайтыс болган бауырымды кордим. Олген денесин жуындырайын деп жатсам, денеси ыстык, суык керек боп жатыр екен, аяктары козгалды, мен коркып мамамды шакырайын десем, далада катты жел, мамам далада екен, мама келинизши деп шакырсам, бауырып уже отырып алыпты, басы салбырап тур, мамам барып кушактап жатыр, жылаган дауыс естилди, бауырым жылап жатыр екен десем, озимнин 4 айлык балам баска болмеде оянып жылап жатыр екен
Магынасын тусинбедим

Несибели
19/01/2020 11:20

Тусимде алыс сапарга аттанган анамды кордим. Жакында жузин бергенбиз. Кеше жолдасыммен урсып калганмын ол болек жаттыда мен балдарыммен болек уйыктаганмын. Тусиме анам тирилип келди. Карангы болмеде ангимелесип отырмыз. Менде Ишим толы 1000 даган сурактар коя бастадым сиз кеткели Кандай жагдайлар болмады Деп. Калайша тири болсаныз сол уакыттарда турмадыныз деп. Ортенген корпеше корсетти сосын шаштарын корсетти аз ортенди деп. Дем жетиспей кинала бастады апама тез су акел деп бетине су шашып есин жидырдык. Тусинбедим анамды сагындым катты

Ажар
25/07/2020 01:27

Сізді уайымдап келген ғой, отбасыңыздың тыныштығын қалағаны. Адам қатты шаршағанда өз қолдаушысын іздейді, сізДің қолдаушыңыз анаңыз болған, соны ойыңызда іздеп тапқансыз

Рано
07/02/2020 10:13

Тусимде бурын кайтыс болган анамды кормим. Адеми кымбат киымдер корген екен. Алыстан кетип бара жаткан екен.

Гульсара
14/02/2020 11:15

түсімде суицидпен қайтыс болған досымды ақ көйлекпен біреулердің өлтіріп кеткендігін көріп жатырмын

Актоты
17/03/2020 09:50

Анам тусимде кирди маган адеми жемпир кигизип жатыр

Ажар
25/07/2020 01:29
Reply to  Актоты

Сізді әр дайым қолдап жүргені, жолыңыз болады

Роза
21/03/2020 13:16

Мен түсімде қайтыс болған інімді көріппін.мен оны шақырып алып тамақ беріппін екі қорап сіріңке беріппін бетінен сүйіппін. Қайта өзі шыққан үйге шығарып алыппын.ол жерде көп адамдар бар екен ким.нені білдіреді

Гаухар
03/04/2020 12:47

Қайтыс болған әкемді көрдім. Маған қарап жылап көзінен тамшы жас көрдім. Ненің белгісі. Көз алдымнан кетпей қойды

Малю
04/04/2020 19:09

Менын енем кайтыс болды бир ай алдын. Тусыме жиі кіреді. Бугын және көрдім түсімде ол уйге келді. Воротадан күліп кірді..ал мен алдынан шығып құшақтап амандастим..Калай жоруға болады?

Данок
25/05/2020 07:17
Reply to  Малю

Ризашылық деп біліңіз енеңізден

Каламкас
08/04/2020 16:37

кайтыс болган акем тусыме куныге кыреды

Ажар
25/07/2020 01:32

Қатты сағынып қимай жүрсіз, көніңіз бұл Алланың қалауы. Әкеңіз сізді қатты уаййымдап кеткен болар, әкеңіз мақтан тұрарлық дұрыс жолда жүріңіз өмір бойы.

Arzu
22/04/2020 11:24

Саламатсызба! Мен тусимде олген таныс досымды издеп журемин ол ненин белгиси

Медет
18/05/2020 18:57

Мен тусмде озмнин олiп ак батеске оралып жатканымды жане менi туыстарым жерлеиндеп жатканын кордiм ол ненiн белгiсi екенiн кiм айталады…?

Ажар
25/07/2020 01:33
Reply to  Медет

Бұл бақ, ғұмырлы боласыз

Ажар
17/08/2020 23:23
Reply to  Ажар

Салеметсізбе.мені құрбым түсінде көріпті. Қайтыс болған атасы қайтып келіпті, барлығы қорқып қашып жатса мен өзім қараймын деп қайтыс болған атасына қараймын деп жүр екенмін.мені аппақ киініп жүзің жылы болып тұр дейді.ол ненің белгісі өзімнің аяғым ауыр уайымдап қалдым

Лиза
21/05/2020 01:44

Мен түсімде жакында қайтыс болған апкемді көрдім. Как будто өлмеген сияқты тірі адамдай болып жүрді күлімдеп. Мен сол апкемнің 40на баралмадым карантинге бола жолдар жабыққой қатты сағынамын.

Ажар
25/07/2020 01:35
Reply to  Лиза

Сізге риза, еш реніші жоқ, оған ана дүниеде жақсы, уайымдамаңыз. Жеті нан таратып Құран бағыштаңыз.

Нургул
23/05/2020 13:28

Салеметсиздерме мен бугин тусимде олген адамдарды кордим де бирак оларды суга лактырып жадты нени билдиреди

Сандуғаш
12/06/2020 01:22

Подругам түсне менің жігітім кірген ещё менің сыртмнан тығылып қарап тұр екен подрушкам сұрағанғой неге тығылып жүрсің деп жігітм аитқан ол кешрмит деп сонда не белгіс сонда ол менен кешірім сұрағаныма

Нургул
19/06/2020 19:07

Мен түсімде ағамды және күйеу жағымнан апамды көрдім, ағам басқа бір ағамның үйін айтып көңілі толмай айтып жатыр, ал апам болса маған тек бажырайып қарап қалған

Гулим Аскер
22/06/2020 04:23

Мен жакында кайтыс болган агамды уйге акелгенин кордим устинде аппак киим апарып оз болмесине жаткызды сосын ол ози аппак матаны бетине жапты

Толғанай
22/06/2020 14:15

Түсіме өлген екі атам көп кіреді нағашы атам мен өз атам нені білдіреді

Асем
24/06/2020 19:02

Кулагы жок саби кирсе не болады

Наркыз
27/06/2020 15:51

Саламатсыздарма менин акемнин акеси тусиме кирди ол киси мени ози баккан ози осирген тусимде ол киси уйге келген екен калтасына козим тусти акша копппппп екен папа маган акша берш койлек алайын дедим бирак бермей далага кашты менде артыннан бардым карап турсам уйге нан апара жатыр пакетке карасам 3 ак нан екен. ЖАКСЫЛЫККА ЖОРЫДЫМ БИРАК КАТТЫ КОРЫКТЫМММ БУЛ НЕ БЕЛГИ БОЛДЫ ЕКЕН АЙТАСЫЗДАРМА

Айгерім Оспанова
29/06/2020 10:27

Мен түсімде өлген адамды жерлеп жүр екенмін ол бойы ұзын ақ матамен оралған басқалар оны құда бала деп айтып жылап отыр екен
Иншалла бәрі жақсы болсын өзім кішкене тұмау болып аурып жүр едім

Жанел
30/06/2020 10:14

Сәлеметсізбе тусимде олген инимнин досына үйленіппін не болады

Гулжан
07/07/2020 11:51

Сәлеметсізбе менің жақында інім қайтыс болды,түнде қызым түсінде көріпті шақырған бармаған содан қаштым дейді жолда біл шалшық жерге құлап мені ұстап буындыра бастады айғайлап зорға ояндым дейді бұл нені білдіреді

Тоғжан
14/07/2020 21:20

Мен жакында әкемді көрдім,әдемі болып семіріп алған,мәз риза,ертесіне қайын атамды көрдім(екеуіде бұл өмірде жоқ)қайын атамның қара көйлектерімен қара носкилерін жуып іліп жатырмын🤔👆Ол ненің белгісі?бүгін жеті нан пісіріп өзім құран оқыдым үйде сосын👆

Абылай хан
17/07/2020 17:16

Мен түсімде 15 жыл бұрын қайтыс болған Әкемді көрдім. Мен қазір 17 демін. Ол үйдің алдына машинамен келіп, бізді отбасымызбен алып кетіпті. Біз бір супермаркеттің алдына барып амандасып, құшақтап тұр екенбіз, мен жылап тұрдым.

Азиза
21/07/2020 15:38

Мына сайтыныз дурыс жорый алмайды екен. Олген адам туске кирсе 7шелпек писирип куран окыйды.

Малике
24/07/2020 10:49

Сәлеметсізбе? Бір жарым жыл бұрын бақилық болған әпкем, түсімде тірі жүр! Барлық, туыстарымыз біледі екен оның тірі жындыханада жатқанын. Ал менғана бақилық болды деп жылап жүр екенмін. Бұл нені білдіреді?

Динара
24/07/2020 19:55

2 жыл бұрын 9 сыныпқа өтерімде анам қайтыс болды маған қатты ауыр соққы болды,анамды сағынғаннан жылап аламын ,именно жылаған түні түсіме кіреді мен тірі деп ойлап қаламын .Кеше де сағыныщтан жылап едім түсіме кірді ,көңіл күйі жақсы,үнемі түсімде көргенде ол алыс сапардан келгендей кіреді, анаммен сөйлестім қасыма төсек салып бердім бірге ұйқтайық деп, ағама жүгіріп барып айттым мамамыз қонаққа келіпті деп еще мамама айтып қоям мама жиі келіп тұрыңызшы сағынып кетем деп . Бір қызығы мамам бір зұлым адаммен мені күрестіріп отыр мені жұмсап ол жаман ойлы адам келесі бөлмеде менің ойымша ол дуаламақщыма бірдеме мамам айтты терезенің алдына ине… Read more »

Абдрахман
27/07/2020 11:03

Мен өлген адамнын мұрынынын қанағанын көрсе,не болады

Саламат
28/07/2020 11:50

Тусимде бакыилык болган коршимди кордим ол маган еки жумыртка сыилады ал акеме коже коскан катык берди соны акем ишип алды

Аика
30/07/2020 23:07

Енем жакинада каитыс болип еди бикешим тусине кирип улкен кизим аиныган тамак берип онистирмаи жур депти

Карлыгаш
03/08/2020 09:54

Менн кайтыс болган атам тусимде кайтыс болды

Шах
09/08/2020 23:19

Жакында гана жигитим кайтыс болды? Сене алмай журмин. Тусиме кирипти. Мас кимдери лас мени кушактап жылап тур

Шах
13/08/2020 09:14

Тусимде жакында кайтыс болган жигитимди кордим. Катты жаксы корктин мени. Тусиме келип маган биринарсе берши деп сурады. Мен суйык май куйып бериппин. Ненин белгиси?

Элеонора
16/08/2020 17:10

Әкемді кқрдім түсімде. Көрші үйде інісі тұратын соған қарбыз беріп, сол үйге түсті. Маған келмеді. Бұрын қызым деп келетін. Ағам үйінің ауласында ескі кір машина оңдап отыр жерде. Ренжулі

Нурсултан
19/08/2020 23:34

Түсімде туысқан ағам көрдім ол тусқаным моласын қазып жатырқ бұл нені білдіреді
Жатқан жері жайлы болсын

Арайлым
20/08/2020 08:56

Жигитим болган, тусимде тири келип тур баримиз тангалып куаныппыз

Акжана
27/08/2020 09:54

кайтыс болган анам жылап турганы

Алтын
27/08/2020 17:52

Мен түсімде қайтыс болған бауырым келем үйге уақты болды жылама қайтып келем деп екі үш рет айтып кетті тірі журген келіншегін алып кеті машинамен менің түсімді жорып беріңізші

Гулбану
30/08/2020 21:23

Менің анам тусканымыздын түсіне кіріпті. Маган жүз мын акша берші аяк ким алайын деп едім депті. Акша жок деп айттым дид. Келесі күні акша болмаса кыркы мын берш депті. Мен уайымдап отырмын. Бұған не дейсіздер

Рай
30/09/2020 21:44
Reply to  Гулбану

Аяқ киімі үйіңізде болса киіп жүріңіз. Ол жақта жалаң аяқ болмайды.

Нуржамал
31/08/2020 07:38

Салеметсіздерме,мен Мамамды жиі көрем. Рахмет айтады,сойлеседі кейде куліп көзін қысады. Аман ба адемі нұрлан кіреді. Алла рахмына алғай….🤲

Майра
01/09/2020 09:35

Бугин тусиме акем кирди, тири куйинде. Кайта тирилген екен. 2015 те кайтыс болган. Тусимде билип турмын. Денеси жаланаш, ак маталарын ашып тастаган, тек аурет жери жабык. Оны агасы мен анам комуге дайындап жатыр екен, кайтыс болды деп ойлап. Мен кирип карасам, денеси жылы, жаны бар. Бирак сойлеуге шамасы жок. Кушактап жылап, ол олмеген деп араша тусип жур екенмин. Балаларымды корсетиппин. Калай жоруга болады. Оянып кайта уйыктасамда осы тус жалгасып кире береди.

Меруерт
03/09/2020 08:43

Жақында 8-жасар қызым қайтыс болды, түсіме ылғи кіріп кіші қызыммен ойнап күліп жадырап жүргенін көремін, мен керісінше мұны еш жамандыққа жорымай қызымды түсімде көргеніме өте қатты қуанамын егер түске кірмесе оны көруден мақрұм боламын сондықтан түсіме кірші ботам деп жалынып ұқтаймын, жақындарын жоғалтқан әр бір жанға қорықпаңдар сабыр берсін Аллам олда біз сияқты едіғой өлді деп деп айтуга қимаймын

Жансулу
06/09/2020 10:23

Мен куйеуымды жалан корем ылги тусымде жане кунде бир коркып оянамын бир адам касыма келеды айгайлайын десем даусым шыкпайды

Марал
06/09/2020 11:50

Екі ағамды көрдім тусімде,Ағамның біреуі былтыр қайтыс болған.
Тусімеде екеуі катар жатыр тірі екен дем,қасында жеңгем жур екен мата жыртып жур орайтын,жасы мата.
Мен төбесінен қарап отырмын,мен өзім қайткан ағама барып бірдеңе айтуым керке деп жатырмын,бірақ айтпадым .
Не болады екен?

Мерей
07/09/2020 01:42

15 жастамын.
мен түсімде мазаратка барып кабырды каздық 2 адам болып мен казбадым бырак.
со кабырдегі адам алі сүйек болмаған касымдағы екі адам маған мнаны комгенімізге көп жл болды бірак мнау алі шірімеген деп аитты..)
ол ненің белгісіі

Dihanbai
09/09/2020 21:47

Өлген адам түсінде өзіңді құтқарамын деп өлсе не болады?

Dihanbai
09/09/2020 23:09

Түсіңде өлген адам өзіңді құтқарамын деп өлсе не болады?

Аидос
11/09/2020 14:52

А

Last edited 1 ай бұрын by Аидос
Аружан
13/09/2020 09:30

Тусимде олген акемди кордим, ол бырак олмеген екен мен оны коооп издеймын бырак таба алмалым

Жансая
14/09/2020 08:33

Куйеуимнин ажеси кайтыс болган сол киси тусимде тири екен бирак кормедим ол кисини содан аяк асты кайтыс болды тусимде

Мөлдір
18/09/2020 10:39

Түсті кім көрінгенге айтпау керек, алғаш айтқан адамыңыз түсті қалай жориды қанша жақсы түс болсын, жаман түс болсын, соның жорығанына байланысты болады. Сондықтан түсті жорығанда бірінші жақсы жағына қарай жору керек. Түсті өз жақын жанашырыңызға айтыңыздар. Кім көрінгенге айтпау керек.

Гуля
23/09/2020 15:53

Саламатсыз ба менин анамнын тусинде кайтыс болган нагашы апасы тусине кирип нагашы апасы акша сураган не болады

Акмарал
25/09/2020 12:23

тусимде 5ай бурн кайтыс болган енемди кордим енем менин бир кок кастрюлкамды кайныма берипти дим сомен менин киимимди киип алып отр дим содан енеммен урсп жатр екем аргы болмеде танымайтн адамдар отр кейн спалныйыма кирсем жерде топырактар шашылып жатр мунысы нес деп тусинби калдым енем кайтс болганда биздин болмеден шыгарган. буны калай жоримын?

Сулу
28/09/2020 10:01

Тусимде марқұм болған әкем меннен ақша алды сендердин басқа жерге кошируим керек соған, жүк машинаға беремин деп

Aidana
30/09/2020 01:00

Tusimde kaitys bolgan jigit, tiri eken klasstasym bolgan meni katty jaksy koretin. kuwaktap betimnen suip jatyr eken. birge ketip bara jatirmiz.aldimizda jol tegis. men onin suigenine jirkenip jatirm jaktirmai birak iwimnen meni jaksy koredigo dep jatirm. ol neni bildiredi?

Ернұр
30/09/2020 15:21

Қайтыс болған атам Құшақтап бетімнен сүйді, ол не мағына?

Рози
30/09/2020 18:22

Түсімде қайтыс болған әкемді көрдім. Бірдеңе салып жатты басы үлкен болып кеткен.Және тірі адамды қайтыс болған адамның атымен атап шақырдым

Аноним
01/10/2020 07:10

Ддл

Last edited 30 күн бұрын by Аноним
Аноним
01/10/2020 07:14

Салеметсизбе!?менин енем кайтыс болганына 5 жыл болды, куйеуим тусинде мамасын корипти ,айтуынша мен енеме унамай калыппын,унамай калды деп айткан екен,куйеуим осыншама уакыт отти 2 бала бар койынызшы деп жатырм дийди ,Ол не болганы екен?

Гулнар
02/10/2020 07:45

Түсіңде адамдарды полицей автоматпен қырып атып тастады, ішінде менің балам бар деп атынатап абайлап қосып оларға ұрсып жылап жатырмын. Сүйтсем балам тірі басқа жерден қамаудан шығып мамалап жатыр екен. Оның шықанын көріп кір ішке деп қайта ішке кіргізіп жіберіпті. Ал менің естіп қойғанымды біліп қойып мені өлтіруге әрекет жасап жүр екен.сонда не болады.

Нурбол
03/10/2020 23:39

Атам кайтты жакында

Акмарал
04/10/2020 06:17

Жолдасым марқұм анасын корипті. Ол оган ақша берип жатыр екен. Бирак 200 теңгесин алып қал да, 300 теңгесин маған қайтарып бере сәл деп аитып жатыр екен, не болады?

Айгерим
04/10/2020 11:30

Өлген адамнан зат алу

Амина
08/10/2020 09:58

Мен түсімде кәрістің танымал жұлдызы Джонхён ды көрдім және мен оны құшақтадм және олмен суретке түсейін десем оның орнына басқа адам бейнесі тұрады бұл ненің белгісі

Аля
10/10/2020 01:41

түсімде қайтыс болған әкем басымды шауып алды бұл нені білдіреді, білетіндеріңіз болса

Мөлдір
12/10/2020 16:15

Қайтыс болған сіңілімді түсімде құшақтадым не болады?

Макпал
17/10/2020 10:20

Анам тусыме кырды, кайтыс болганына екы жылдан астам уакыт отты. Тусымде анам камыр жайып отыр екен бауырсакка

Индира
18/10/2020 09:09

Саламатсыз ба?Тусимде кайтыс болган анама акша берип жатырмын. Ненин белгиси екен?

Last edited 13 күн бұрын by Индира
Данагүл
22/10/2020 00:44

Сəлеметсіздерме! Мен бүгін түсімде (жатқан жері жайлы болсын) қайтыс болған нағашы апамды көрдім өзі жас қыз еді. Оның 3 інісі бар еді түсімде нақты баланың түрін көрдім бірақ оянған соң ұмытып қалдым. Үшеуміз күліп ойнап жүрміз əр үйге бір барып бірсе олар мені тастап тығылып тығылыспақ ойнап жүр екенбіз. Анам жақсылыққа жоры таң ертең жеті нан пісіріп таратып жібер деді. Маған осы түсімді жарып берсеңіздер өзім өмірімде бірінші рет түсімде қайтыс болған адамды көрдім алаңдап отырмын енді.

Аружан
23/10/2020 07:47

уйленумизге 5 кун калганда жигитим кайтыс болды жане бугин тусиме кирди. Биз баримиз жигитимнин уйынде отыр екенбиз, сосын жигитим оз аягымен табалдырыктан аттап киредиде мен тиримин дит. Мен оны жугирип барп кушактап алып « Аллага шукир Аллага шукир» деп каттты жыладым. Тура осы тусти 4 рет кордим

Лаззат
23/10/2020 08:07

Кайтыс болган анамды кордим онымен кушактасып коштастым бир жыл кут келем деп айтыпын ол бир шыдай алам ба журегим аурады депти ол нени билдиреди содан кейн далага шыгып кишкентай улымды тамактанлырып жатыр екенмин .

Last edited 8 күн бұрын by Лаззат
Акмарал
24/10/2020 08:43

Тусымде кайтыс болган ажем бызге карама карсы уйде турады екен быр озы ал мен мамам агам апкем быр уйде турады екенбыз мен далага шыкканда мены шакырды коныл куйы жок еды

Айдынай
30/10/2020 08:18

Түсімде құрбым кіріп, жай ғана күліп жүрді? Тіріліп келгенің айтты. Түсініксіздеу есімде онша қалмапты. Бірақ уайымдап жүрмін. Қайтыс болатын күніде кірген еді сол күні хабар естідім.

Ляззат
30/10/2020 11:01

Салеметсизбе . Мен тусимде синлимнин каитыс болганын естип жаырмын. Ол ненин белгиси?