Түсінде өлген адам көру нені білдіреді? Кейде біз өлген адамдарды түсімізде көріп жатамыз. Содан кейін олар бізге не айтпақшы, не туралы хабарламақшы деп ойланамыз.
Классикалық түс жору. Өлген адам.
Түсінде қайтыс болған туысқанын көрген адам өмір сүру салты мен қағидаларын қарастыру керек. Қателік жасамау үшін, ағат қадам баспау үшін өміріңізді өзгертуіңіз керек болар. Өзіңізді шыңдап, жұмыс істеңіз.
Өлі туыстарыңыз түсіңізге тіріліп келіп, сізбен сөйлесе бастаса, – қашпаңыз. Олардың айтқан сөзіне құлақ асыңыз. Сіздің санаңыз жаныңызға қымбат адамдардың бейнесі арқылы тығырықтан шығар жолды ұсынып тұр. Бәлкім, қайтыс болған туысыңызды көп ойланып, есіңізге алған боларсыз? Бұл да ол адамды түсіңізде көруіңізге түрткі болған шығар.
Өлі адамдарды түсінде көру – күтпеген жаңалыққа, туысқандарыңызды көру – қуанышқа, достарыңызды көру – маңызды жаңалықтарға. Қайтыс болған алыс туысқанын көрген кәсіпкер сақ болуы керек, оны қапалы жаңалықтар күтіп тұр. Тірі танысыңызды өлі адам ретінде түсініңізде көрсеңіз, ол адам өмірде сізге талай машақат әкеледі. Өлі адамды көру – ауа-райының күрт өзгеруіне.
Түске кірген адам бұрын қайтыс болса, отбасын үлкен жаңалық күтіп тұр. Өлген адамдардың кеңесіне құлақ асу керек екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденіп қойған. Себебі, ұйқыдағы демалыс уақытында адамның санасы қиындықтарды шешетін тиімді жолдарды дұрыс табады. Қайтыс болған досыңыз сізге айналадағылармен сөз тап, келісімге кел деп хабар береді. Сондықтан, қапалы досыңызды көрсеңіз, жаныңыздағылардың көңілін табуды үйреніңіз. Өлі адам басқа адамның өлімі туралы хабарласа, ол адамды өмірде қиындықтар күтіп тұр. Қайтыс болған досыңыз немесе құрбыңыз қандай да бір бұйымтай айтса, оны міндетті түрде орындау керек. Өлі достарының шағымын есту – нашар жаңалықтарға.
Егер, түсіңізде сіздің құрбыңыз өлім алдында жатса, онда жақын арада екеуіңіз ұрысып қаласыздар. Егер,оны ажал құшса, онда жұмыстағы кикілжіннен арыласыз, алайда, құрбыңыз сізді де артынан шақырса, онда отбасыңызбен күтпеген әңгіме құрасыз. Өлген ағаңызды көрсеңіз, достарыңыздың бірі сіздің көмегіңізге мұқтаж болады. Бәлкім, қарызға ақша алар. Егер, ағаңызбен ара-қатынасыңыз жақсы болса, онда қарызға ақша беруге болады. Қайтыс болған аға-қарындастарыңызды тірі қылып көрсеңіз, онда ақшаңыз пайда болады. Қабірде жатқан адамды көру – ауа-райының өзгеруі мен күтпеген сапарға. Қайтыс болған адамның қабірін жасау – мансап сатысымен жоғарылауға.
Мұсылмандық түсжорығыш. Өлген адам түсінде болса.
Қайтыс болған адамның тыныш жатып-ұйықтауы – ана өмірде бейберекет өмір сүріп жатқанының белгісі. Сол адамның артынан еріп, дауысын есту – жаман белгі, өлімнің жаршысы. Егер, бір емес, бірнеше өлген адамды көрсеңіз, өмір туралы көз-қарастарыңыздың қате болуы мүмкін екенін білдіреді.
Өлген адам – ауа-райының кенет өзгеруінің белгісі.
Психологиялық түс жору. Өлген адама түсінде келсе.
Психологтардың пайымдауынша, бұндай түстерді шын деп қабылдаудың қажеті жоқ. Әдетте, өлген адамды көру – оған деген сағыныш белгісі. Өлген немесе қасақана өлтірілген адамдарды түсінде көрген адам өмірде үнемі күйзеліс сезініп жүреді.
Нострадамус түс жоруы. Өлген адам туралы
Егер, қайтыс болған адамды көріп, одан қашып кетпесеңіз, өмірдегі қорқыныштарыңызды қолда ұстап, онымен күресуді үйренгенсіз. Өлі адамды көру, дауысын есту, артынан еру – ауруға. Өлі жан сізбен уайымдарымен бөліссе, шіркеу мен мешітке асығыңыз. Ал қайтыс болған адамды жалаңаш қалпында көрсеңіз, керісінше, бұл – жақсы белгі. Яғни, ол адамның жаны тыныштық тапты.
Балалық түс жору.
Өлген адамдар неге тіріліп түске кіреді? Өлген адамнан сыйлық алу- жақсы белгі, бақыттың баламасы.
Ағылшын түс жоруы.
Қайтыс болған туыстарыңыз бен достарыңыз түсіңізге кірсе, олардың көңіл-күйіне назар аударыңыз. Егер, олар қапалы болса, қаралы хабарлар күтіңіз. Керісінше, көңіл-күйлері жақсы болса, көптеген қиындықтарыңыз жақсы шешіледі. Адамның ауыр дерттен қаза тапқанын көрсеңіз, онда ауа-райы құртылады.
Символдық түс жору. Өлі жанды көру нені білдіреді? Егер, ол сізді артынан шақырса немесе өзінің затын сыйласа, – жақын арада күтпеген жерден ауыр дертке шалдығасыз. Бұл түстің басқа да баламасы бар. Түс көруші адам қайтыс болған жанды қия алмай, онымен кездесуге үміттеніп жүр. Бұндай түстерден кейін шіркеу мен мешітке барып, дұға оқып, имаммен кездесу керек.
Егер өзіңіздің қайтыс болғаныңызды көрсеңіз, өміріңіздегі ауыр кезең өтіп, ойластырған жобаңыз сәтті аяқталады. О дүниеге аттанған ата-анаңызды көру – сіз қамқорлыққа зәрусіз. Қайтыс болған ата-әжеңізді көрсеңіз, онда өміріңізде сыни кезең басталды. Олардың кеңестеріне көңіл аударып, аса мұқият болуыңыз керек.
Қытай түс жору. Өлген адам түсінде болса
Егер өлген адам сізден тамақ сұрап, сіз оны тамақтандырсаңыз – бұл жақсы белгі. Осы түсті көрген адам сәттілікке жолығады.
Ортағасырлық түс жоруы. Өзіңіздің өлгеніңізді көру – туыстарыңыздың табалауына ұрынасыз. Қайтыс болғандармен әңгімелессеңіз, сәттілікке кезігесіз. Өлі жанның алдыңызда кетіп бара жатқанын көру – оны жақын арада ұмытатыныңыздың белгісі. Оған бірнәрсе ұсынау жамандыққа болса, гүл мен жануар сылау, керісінше, жақсы белгі. Үйіңізге өлген адамды шақыру – қаржылай табысқа. Қайтыс болған адамды түсінде көргеннен кейін түс көруші өз денсаулығына назар аудару керек.
Сіздің түсіңізге лайықты түс жоруы:
Түсімде өзімді жане бұрын ұрсысып қалған құрбыларым үшеуімізді бір ер адам пышақтап өлтірді ол қалай
Түсімде мені өлген адам машинасымен алып кетті. Бұл нені білдіреді?
Түсімде жақында қайтыс болған әкемді көрдім маған түсімде печенье пісіріп берші деп айтты . НЕ БІЛДІРЕДІ ?
Ағамның да түсіне кірді
Сол кісілердің атынан садақа бере бер,, солай істеңіздер,
жети нан писиру керек ис шыгарып
Кудай нан таратып куран багыштаныз
Сизден тамак даметип жур. Куран окытып хотябы жети шелпек писирип куран окытып таратыныз
Түсімде 4 жыл бұрын Қаитысболған Жігітімді көрем. Кейде ол өлмегендей болып қыдырып жаксы болып жүреміз де менің есіме түсіпкетеді де сен өліп қалғансың , мені тастап кеттіңғой деп қаатты жылаймын,ол болса түсінбей тұрады , құшақтап жібермим десем құшағымда жоғалады.Ал кейде көңілді болып бірге сол бұрыңғыдай қыдырып жаксы болып жүреміз.бірақ мен жиі жылаймын соның көзінше .бұл нені білдіруі мүмкін.
Ал мен досымды көрдім.
Ол әрдайым күлімсіреп жүреді.
Менің түсімде күлімсіреп жүрді.
Мен бар болғаны 11 жастамын.
Ол досыммен сөйлескім келеді.
Онымен сөйлесу мүмкін бе?
😥😥😔😔😢😢
Ол менің көзіме көріне алама?
салембердік мен тусімде қайтыс болған туысымды көрдім ол маған қаймақты қурт(турақ) әкел деп айтты.бырақ мен таппадым уйге келсем ол жоқ екен.ол нені білдіреді
Мен түсімде Әпкемді көрдім ол дір дір етіп отыр бұрышта содан оянып кеттім содан мен әжетханаға бардым да дәрет алып шықтым за үйдің есігін ашып кірдімде есіктің артына көзім шалды қарасам Әпкем отыр дір дір етіп қалтырап мөлдіреген көздерімен маған қарап отыр басында қызыл орамал үстінде әппақ көйлек
Мен түсімде өлген қыздың етін жедым, бірақ кеш білдім өліадамның еті екенін.қалай болатынын айтсаңыздар?
Егер тусынызде біреу сізге тамақ алып кеп берсе үйге кіріс кіреді дейді
Түсімде қайтыс болған қайнымды көрдім оны бəрі жабылып өлуге мəжбүрлеп өлтіріпті.
Мүмкін оның өліміне себеп осы шығар…
Салеметсиздерме???
Тусимде енем менин киимдеримди жуып жайып койыпты…осыны калай жоруга болады…менин биринши ойлаган ойым озиме бирдене болардай сезиндим…сонымен калай жору керегин билмей…айтеуир…осында жазып…сиздердин ойларынызды билейн деген едим
Салеметсиз! Тусіме кайын атам кірді. Мен ол кісіні мулдем кормегем. Ол кісі тіріліп келіпті. Сойлеп жур барімізге. Дастарханда отырып ас ишті мен отырган жокпын тирлик жасап журдим. Кейін шетте магаг кулімсірееп карап турды ол кісіге салем салдым. Ол кісі шеткері кетип калды. Ненің белгісі екен. Бирак озіме жайлы тус болды
Сізге риза болғаны шығар кулип караса.
Дастарханда бирге ас ишкен жаман белги
Менің туған ағамның түсіне кеше ғана папамның ағасының баласы кіріп еді сол түсте жотаның басында тұрып менің туған ағама бері кел деп алыстан шақырып тұрыпты ал бүгін менің түсіме кірді типо мені қорғайды менің үшін дұға оқиды дегендей бұл түстің жорамалы қандай айтып жіберіңіздерші
Ағам қайтыс болған әкемді көріпті, күліп , әнгиме айтып сойлесип жур .Нені білдіреді
Тусымде ажемды кордым тыры екен деймын, усты басы лас, устынен сасык иыс шығып тур екендеймын, төменге кулап бара жатканда апа беры гарай журыныз кулайсыз деп айгайлаппын, сосын апам ауырын басып касыма келыпты, сол кезде устынен сасып турганын байкадым
Қайтыс болған күйеуім кіріпті, екуіміз жаңа үй алыппыз, 1-ші этаждан, бірақ участкасы үлкен екен, темер решотка заборды көрсетіп қайнағамда көп екен берем деді дейді. Мен болсам тауық қора соғып тауық бағайық деп қоям, ол бірақ үндемеді. Мен сөйлем жүрмін ол тек жымиып қана қояды, көршілерімен де сөйлеп жүрген мен. Нені білдіреді екен. Бірақ өзі салған баспанамыз бар.